Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ереже ескерткіштердің мәселесін ушықтыру үшін жазылған ба?

«Қорғау аймақтарын жасақтау, оның ішінде археологиялық ескеркіштердің қорғау аймақтары археологтардың негіздемесіне сүйеніп жасақталса, саулеттік нысандар саулетшілердің ғана негіздемесіне сүйеніп дайындалуы керек», деді ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында.

Сәулетші ғалымның айтуынша, жалпы қорғау аймағының жобасы тек қана сәулетшілердің, оның ішінде қала құрылысымен айналысатын мамандардың ғана пререготивасы екендігін көпшілік біле бермейді. Соның кесірінен 2011 жылы қабылданған Ереже бүгінгі күні проблеманы шешудің орнына мәселені  ушықтырып жіберді.

«Ескерткіштің көріну аймағы, оның қоршаған ортасы, стилистикалық талаптар, құрылыс материалдарына, салынатын құрылыстардың биіктігі мен ұзындығына қойылатын талаптар жоба негізінде ғана анықталуы керек. Сол Ережеге сай жасалған қорғау аймақтарына байланысты мәселелер Түркістанда, Талғарда, Таразда   туындады. Сондай-ақ Сауранның айналасындағы Ирригациялық, кәріздік егіншілік жерлерді суландыру жүйесі, Отырардың моншасы мен шеберханалары, Сығанақтың некрополі т.б. нысандар Қорғау аймағына кірмей қалады. Бұл Нормативтік негіздер де толықтыруды талап етіп отыр», - деп атап өтті С.Ағытаев.

Айта кетейік, іс-шара барысында арнайы әзірленген көрме ұсынылып, мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, қайтадан жасау жұмыстарының сапасы, қорық-мұражайлардың мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың орындалуы мәселелері қаралды.

 
0
0
597

Осы тақырып бойынша

Ереже ескерткіштердің мәселесін ушықтыру үшін жазылған ба? - Yvision.kz