Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитов ONE FC құрамында өзінің алғашқы кездесуін өткізеді

22 мамырда Сингапурдің  «Indoor stadium Singapore» стадионында Қазақстанның жекпе-жек өнерінің майталманы, «Найман» деген лақап атпен белгілі Қуат Хамитов  әлемге белгілі ONE FC ұйымы құрамында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында  мәлімдеді.

«Мен өте мықты қарсыласпен жекпе-жекке шығайын деп жатырмын. Жақсы өнер көрсетеміз деген үміттемін және елге жеңіспен оралатыныма сенемін», — деп жазған Қ. Хамитов.

Оның қарсыласы шынында да осал емес. Жекпе-жек өнерінің белгілі шебері — Лоуен Тайнанес (АҚШ). Ол кезінде Филипп  Эномото (Felipe Enomoto), Вусиле Колосса (Vuyisile Colossa), Эдуард Фолаянг (Eduard Folayang) секілді спортшыларды тізе бүктірген.

Жекпе-жекті ресейлік «Боец» телеарнасынан және  www.oneppv.com сайты арқылы онлайн жүйесінде Астана уақыты бойынша 17:00-де тамашалауға болады.

Айта кетелік, ONE FC — 2011 жылы Сингапурде құрылған әлемге белгілі азиялық спорт ұйымы.

   
Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
769

Осы тақырып бойынша

Жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитов ONE FC құрамында өзінің алғашқы кездесуін өткізеді - Yvision.kz