Жоғарғы Сотта жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту шеңберінде кезекті бейнедәріс өтті
Бүгін жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотта облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы «Экономикалық контрабанда және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» тақырыбында кезекті бейнедәріс өтті. Дәрісті Жоғарғы Сот судьясы Ө.С. Қожабаев оқыды.

