Орал қаласының Зачаган кенттік округі әкімі аппаратындағы кездесу

2015 жылдың 27 мамырыкүні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев және Департаментің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш Орал қаласы Зачаган кенттік округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуден алдында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалардың іске асырылуы туралы мәселелерді көтерді.
Кейін, кенттік округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш баяндама жасады.


