Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодар облысында 1500 адам «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етеді

Павлодар облысында 10 түрлі бағыттағы 46 жастар еңбек жасақтары құрылған, онда 1540 жас еңбек етеді, бұл туралы жастар саясаты басқармасының басшысы Н.Нефедова мәлім етті облыс кеңесінде. Ақсу, Екібастұз қалаларының Ақтоғай, Железин, Ертіс, Лебяжі, Май, Успен, Шарбақты аудандарының жасақтары екі айдан жұмыс істейтін болады, Баянауыл, Качир, Павлодар аудандарының жасақтары бір ай еңбек етеді, ал Павлодар қаласының жасақтары жазғы маусымда толықтай жұмыс көлемімен қамтылмақ, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Оған қоса биылғы жылы жаңа жобалар іске асырылады. Бұл Ертіс өзенінің жағалауында жеміс-жидек және сәндік өсімдіктер отырғызумен айналысатын «Терраса «Жастар» жобасы (20 адамнан тұратын жасақ); облыстың шалғай аудандарына концерттік бағдарламалар өткізу үшін Қазақстан халқы ассамблеясының…

0
0
433

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Талдықорғанда сәулеттік композиция қойылады

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы Еркін айналма жолында биіктігі 40 метр болатын, Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов дайындаған сәулеттік композиция қою жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қаланы аралау барысында мәлім болды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жоба авторы Т.Сүлейменовтің айтуынша, негізгі кеңістіктік конструкция композициялық тұрғыдан бірнеше саладан тұрады, ал оны айнала 12 стелла қоршап тұрмақ. Орталық стелланың түсі тұрақты түрде өзгеріп отырады. Осы мақсат үшін арнайы жарықдиодты жүйе қолданылмақ. Сонымен қатар конструкцияның жанына субұрқақ орнатылып, онда 550 ағыс су бүркіп тұрады. Жобаның соңғы эскизімен және оны жүзеге асыру жоспарымен танысқан өңір басшысы жаңа…

1
0
895

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме өтеді

Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» экспозициясы өтеді. Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, көрмеде Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір және Мақсат Бексұлтанныі туындылары көпшілік назарына ұсынылады. Жанұзақ Мүсәпірдің туындыларына туған өлкесінің табиғаты арқау болған. Олар натюрморттар, қала көріністері түрінде беріледі. Ерекше назар аударатын жайт, этнографиялық сипаттағы картиналар. «Бәйге», «Күз», «Балықшы», «Қобыз үні», «Хан-Тәңірі» секілді туындыларда қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, туған өлке табиғаты бейнеленген. Сонымен қатар көрме қонақтары Мақсат Бексұлтанның шығармашылығымен де таныса алады. Бүгінгі таңда ол көптеген жас таланттардың тәлімгері бо…

0
0
410

«Ролан Гаррос» турнирінде Зарина Дияс үшінші айналымға өте алмады

Париж қаласында теннистен өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен күш сынасты. Қазспорт телеарнасынан тікелей эфирден көрсеткен матчты қазақстандық теннисші өте қарқынды бастап, бірінші партияны 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Алайда екінші партияда бельгиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырды. Үшінші, шешуші партия аса тартысты өтті. Біразға дейін есеп тең болып келе жатқанымен, алдымен Алисон ван Уйтванк брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Зарина қайтадан брейк жасағанымен, өзі доп берген сәтте басымдылықты ұстап тұра алмады. Сөйтіп мұнда 6:4 есебімен бельгиялық теннисші жеңіске жетті. Айта кетейік, Зарина әлемнің 32-інші ракеткасы болса, Алисон ван Уйтванк 93-інші орында тұрған еді. Элисон ван…

0
0
185

Қызылордалық Нұрсұлтан Көлдеев гір спортынан Еуропа кубогының қола жүлдесін иеленді

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында гір спортынан ересектер арасында Еуропаның ашық кубогы өтті. 14 мемлекеттен қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалады. Соның ішінде қызылордалық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев намысты қолдан бермей, 68 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Ол серпе көтеруде 32 келі гір тасын 86 рет, жұлқа көтеруде 110 рет бағындырып, нәтижесінде 141,5 ұпай жинады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ол бұған дейін екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдесін (2013 ж. Ресей, 2014 ж. Германия), Еуропа чемпионатының күміс (2014 ж. Эстония) және Әлем кубогының қола жүлдесін (2014 ж. Америка) иеленген. Сырдария ауданында шеберлігін шыңдап жүрген Нұр…

0
0
241

Мишель Платини ФИФА-ға жаңа президент керек екенін айтты

Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшысы Мишель Платини Халықаралық футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттерге халықтың көңілі толмайтынын айтты, деп жазады «ВВС» агенттігі. «Оның отставкаға кетуін сұрадым. Ол тыңдап, тым кеш екенін айтты», — деді Платини баспасөз конференциясында. Платинидің сөзіне қарағанда, УЕФА-ның көптеген мүшесі ФИФА президентінің сайлауында Блаттердің бәсекелесі — Иордания ханзадасы Али бин Аль- Хусейнге дауыс береді. Алайда, одақ сайлауға байкот жасамайды. Блаттердің отставкаға кету ниеті жоқ. Ол жұма күнгі сайлауға қатыспақ. Сайлау ФИФА тарихында ірі жемқорлық іске қатысты дау кезінде өтейін деп отыр. Швейцариялық полицейлер 26 мамырда жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұйымның 7 шенеунігін ұстаған. Іс бойынша 14 адам тергеліп жатыр. АСТАНА.…

0
0
239

Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы

2015 жылыдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменттің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысының негізгі себебі Департаментпен Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы ақпаратын тексеру қорытындылары болды. Бекітілген күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша сөз алған департаменттің бөлім басшысы – Жақсат Мұратовпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер…

0
0
429

Марина Вольнова ұлды болды

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының  әйелдер арасындағы бокстан қола жүлдегері, әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Марина Вольнова дүниеге ұл бала әкелді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан.

«Маринаны тұңғыш сәбиін дүниеге әкелуімен құттықтаймыз және нәрестеге мықты денсаулық, мол бақыт, мейірбан ата-ана тілейміз», делінген бокс федерациясының құттықтауында.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
374

Рэй Манчини: «Головкин — Альварес жекпе-жегі бокс әлеміндегі ерекше оқиға болар еді»

WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулының бұрынғы иегері америкалық Рэй Манчини WBA/IBO тұжырымындағы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің шеберлігіне тәнті. Манчинидің пікірінше, бүгінде қазақстандық саңлақ әлемдегі ең үздік боксшы болып табылады, деп хабарлады Sports.kz. - Қазір әлемдегі ең үздік боксшы, сөзсіз, Геннадий Головкин. Ол қарсыластарын ойсырата жеңіп келеді. Маған бұл спортшыда ұнайтыны, Флойда Мейвезерден бастап Андре Уордқа дейін, соның ішінде Мигель Котто мен Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырғанымен, аталған боксшылардың бірі де оның ұсынысын қабылдауға бел буа алмай отыр, бұл әрине, таң қалдырмай қоймайды. Альварес — Головкин кезесуі бокстағы ең маңызды жекпе-жек болар еді. Жұрт:«Егер Мейвезер Геннадиймен жұдырықтасса, не болар…

0
0
223

Мәжілісте Каспий теңізінің биологиялық су ресурстарын қолдану туралы келісім қаралады

Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды. Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, депуттар бірінші оқылымда құқықтық актілерге өзгертулер енгізу туралы заң жобасын енгізуді талқылады. Палатаның жалпы отырысында конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу және азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Мәжіліс депутаттары ратификацияланған заң жобаларын қарады. Мәжіліс депутаттарының қарауына ратификацияланатын бір топ заң жобасы шығарылмақшы. Олар: Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісім мен азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенция. Сонымен қоса Байқоңыр қаласының білім беру…

0
0
480