Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағандығы туралы ақпарат
Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды қабылдады. Бұл жолы арызданушылардың берген өтініштері азаматтық істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ уәкілетті органдардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде шығарған шешімдеріне қатысты болды.
