Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 3 күн
Таңғы ас ішіп болған соң «Тыныс» Акционерлік Қоғамына бардық. Бұл жерде түрлі техникаларға бөлшектер жасайды. Арнайы пластикалық, полимерлік модельдерге металл құяды. Бұл кезде полимер газға айналады, ал металл бөлшектер қалып қояды. Көптеген ұшақтардың, тікұшақтардың, түрлі техникалардың бөлшектері бұл жерде жасалады. Сонан соң «Kamaz» зауытына бардық. Бұл жерде жүк тасуға арналған ауыр көліктер жасалады. Бұл көліктердің отын сыйымдылығы 280-330 литр. Сонан соң мектепте түскі ас ішіп, «Кокшетау мин. воды» және «Тұран» сусындар өндіретін зауыттарына бардық. Бұл жерде сусындардың құрамы, пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар бұндай сусындар қалай пайда болатынын айқындап көрсетті. Пятов Евгений Александрович судың адам ағзасы үшін маңыздылығы, тәулікке қанша мөлшер су ішу керек екені турал…
