Мазмұнға өту
Grandibek

Grandibek

Сайтта 2015 ж. 29 мамыр

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 7 күн

Біз бұл күнді түгелімен тарихқа арнадық. Ең алдымен, "Әдебиет және өнер музейінде" болып, Көкшетау жеріндегі мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, жазушыларының өмірі мен шығармашылығына қатысты ескерткіштермен таныстық. Бұл мұражайда отыз мыңнан астам экспонаттар сақталған. Олардың арасында Е.Мырзахметов, К.Салықов, И.Салахов, Б.Қанапиянов және т.б. атақты адамдардың кітаптары және қолжазбалары, құжаттары, фотосуреттері мен этнографиялық, тұрмыстық заттары және т.б. сақталған. Бұдан соң, "Ақмола облыстық өлкетану музейіне" бағытталдық. Адамдардың айтуынша, бұл облыстағы ең байырғы мәдени - ағарту мекемелерінің бірі. Бұл мұражайда 71195 экспонат сақталған. Бұның қатарына Ақмола облысының аумағында мекендеген тұрғындардың этнографиясы мен тұрмысын, материалдық және рухани мәдениет ескерткішт…

0
0
390

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 6 күн

Таңғы ас ішіп болған соң, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бағытталдық. Бұл парк Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан және 129000 гектар жер алып жатыр. Бұл жерде алдымен Табиғат музейі бойынша зерттеу жүргіздік. Мұражайдың сыртқы түрінің өзі адамды бірден өзіне тартып тұрады. Өйткені мұражайды қорғап тұрған кейіптегі тастан жасалған бүркіттің мүсіні, Кипр қаласынан әкелінген тастар, әсем пейзаждағы қайың мен қарағайдан қоршалған мұражай бейнесі әр адамның көңілінен шығатынына күмән келтірмейді. Ал әсем мұражайға кірген кезде, бірден көзге түсетін Бурабайдың макетін көрдік. Мұражайдың екінші қабатында Бурабайда тіршілік ететін барлық жануарлар, құстар және жәндіктер көрсетілген. Экспонаттар саны жыл сайын оқушылардың, халықтың және аңшылардың арқасында көбейіп келеді. Оның…

0
0
360

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 5 күн

Таңғы ас ішіп болған соң, Қарасай батыр ауылына бағытталдық. Бұл жерде Қарасай – Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені бойынша экскурсия жүргізілді. Бұл кешен 1999 жылы елбасымызбен ашылған болатын. Бойлары 2, 2.3 метр Қарасай және Ағынтай 50 жыл бойы дос болып келген. Сондықтан да оны Ағынтаймен және 23 жасар балаларының қасында жерлеген. Сонан соң, Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан Музей-Қонысқа бардық. Бұл жер – Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның бұрыңғы үй жайы болатын. Бұл жерде атақты ғалым, этнограф, жазушы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен. Бұл жерде біз оның тұрмысымен, жеке заттарымен таныстық. Бұндағы экспонаттардың саны 6980. Музейде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі, оның туыстары туралы, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениеті, дәст…

0
0
331

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 4 күн

Бүгін біз еліміздің астанасы – Астана қаласына сапар шектік. Ұзақ жолдан соң, тұңғыш елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұражайына бардық. Бұл жерде біз еліміздің президентінің биографиясымен таныстық: балалық шағы, білім алған жерлері, туыстарымен қарым – қатынасы, еңбектері, президенттікке жолы және т.б. . Сонан соң Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайына бардық. Бұл жерде еліміздің жалпы жетістіктері және Астана қаласының макеті бейнеленген. Сонымен қатар қазақтың барлық дәстүрлері, мәдениеті, киімдері және тұрмыстық заттары да интерактивті түрде көрсетілген. Бұл жерде қазақ елімен танысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонан соң Астана қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – Бәйтерек алаңына бардық. 97 метр биіктігі бар зәулім ғимарат кез-келген адамды таң қалдырады.Бұдан…

0
0
318

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 3 күн

Таңғы ас ішіп болған соң «Тыныс» Акционерлік Қоғамына бардық. Бұл жерде түрлі техникаларға бөлшектер жасайды. Арнайы пластикалық, полимерлік модельдерге металл құяды. Бұл кезде полимер газға айналады, ал металл бөлшектер қалып қояды. Көптеген ұшақтардың, тікұшақтардың, түрлі техникалардың бөлшектері бұл жерде жасалады. Сонан соң «Kamaz» зауытына бардық. Бұл жерде жүк тасуға арналған ауыр көліктер жасалады. Бұл көліктердің отын сыйымдылығы 280-330 литр. Сонан соң мектепте түскі ас ішіп, «Кокшетау мин. воды» және «Тұран» сусындар өндіретін зауыттарына бардық. Бұл жерде сусындардың құрамы, пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар бұндай сусындар қалай пайда болатынын айқындап көрсетті. Пятов Евгений Александрович судың адам ағзасы үшін маңыздылығы, тәулікке қанша мөлшер су ішу керек екені турал…

0
0
386

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 2 күн

Таңертең ерте тұрып, таңғы ас ішіп болған соң, автобусқа отырдық. 3 сағаттан соң «Ботай» деген археологиялық қазба орталығына келдік. Бұо жерде бізді білікті археологтар күтіп алып, бұл жердің бүкіл тарихын айтты. Олардың айтуынша, бұдан біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын осы жерде тарихи маңызды тайпалар өмір сүрген. Бұл тайпалар ең бірінші жабайы жылқыларды асысрап, көлік ретінде пайдаланған. Бұл жаңалық бүкіл тайпаларға әсер етіп, жылқы 17-18 ғасырларға дейін көлік болып келді. Сонымен қатар профессор Виктор өзінің тапқан артефакттарын, сол тайпалардың тұрмыстақ заттарын және тұрмыстық жерлерінің фракцияларын көрсетті. Түскі астан кейін профессордың фильмін қарадық. Бұл фильмде Ботай өңірінің тарихы, құндылықтары туралы айтылған. Сонымен қатар бұл жерге бірнеше күннен кейін мемлекеттің…

0
0
350

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 1 күн

Ең алдымен, мектеп автобусымен Көкшетау қаласының НЗМ-іне бардық. Бұл жерде бізді сол мектептің волонтерлері динамикалық биімен күтіп алды. Сонан соң, «Достық» қонақ үйіне келдік. Бұл жерде біз Қазақстандағы әртүрлі ұлттардың елімізге көмегін, әсерін және дәстүрлі киімдерімен, тұрмыстық заттарымен таныстық. Содан кейін, Көкшетау қаласының паркіне бардық. Бұл жерде Көкшетау қаласының ақындарының, батырларының ескерткіштеркіштерімен таныстық. Жеңіс алаңында 47 ҰОС-ның ардагерлері бейнеленген. Сонымен қатар Абылай ханға арналған ескерткіштен үлкен әсер алдым. Ал жеңіс алаңындағы таттанбайтын металлдан жасалған жұлдыз менің ойымша ең әдемі көрінді. 9 метрдей биіктігі бар жұлдыз мәңгілік алауының қасында орналасқан. Сонан соң, “Milk Project” атты сүт өнімдерін өндіретін зауытқа бардық. Бұл жер…

0
0
313