Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 2 күн

Таңертең ерте тұрып, таңғы ас ішіп болған соң, автобусқа отырдық. 3 сағаттан соң «Ботай» деген археологиялық қазба орталығына келдік. Бұо жерде бізді білікті археологтар күтіп алып, бұл жердің бүкіл тарихын айтты. Олардың айтуынша, бұдан біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын осы жерде тарихи маңызды тайпалар өмір сүрген. Бұл тайпалар ең бірінші жабайы жылқыларды асысрап, көлік ретінде пайдаланған. Бұл жаңалық бүкіл тайпаларға әсер етіп, жылқы 17-18 ғасырларға дейін көлік болып келді. Сонымен қатар профессор Виктор өзінің тапқан артефакттарын, сол тайпалардың тұрмыстақ заттарын және тұрмыстық жерлерінің фракцияларын көрсетті. Түскі астан кейін профессордың фильмін қарадық. Бұл фильмде Ботай өңірінің тарихы, құндылықтары туралы айтылған. Сонымен қатар бұл жерге бірнеше күннен кейін мемлекеттің жоғарғы басқарма органдары келеді. Бұл кезде олар бұл жерде «Ботай» тарихын бүкіл халыққа таныстырау жасай отырып, мұражай ашуды мақсат етеді. Оның айтқан сөздері, мәліметтері біз үшін өте қызықты болды.Сонан соң қонақ үйге қайтып келдік. Менің ойымша, алдағы күндер дәл осы күн секілді қызықты және танымды өтеді  деп үміттенемін.

0
0
351

Осы тақырып бойынша