Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 1 күн
Ең алдымен, мектеп автобусымен Көкшетау қаласының НЗМ-іне бардық. Бұл жерде бізді сол мектептің волонтерлері динамикалық биімен күтіп алды. Сонан соң, «Достық» қонақ үйіне келдік. Бұл жерде біз Қазақстандағы әртүрлі ұлттардың елімізге көмегін, әсерін және дәстүрлі киімдерімен, тұрмыстық заттарымен таныстық. Содан кейін, Көкшетау қаласының паркіне бардық. Бұл жерде Көкшетау қаласының ақындарының, батырларының ескерткіштеркіштерімен таныстық. Жеңіс алаңында 47 ҰОС-ның ардагерлері бейнеленген. Сонымен қатар Абылай ханға арналған ескерткіштен үлкен әсер алдым. Ал жеңіс алаңындағы таттанбайтын металлдан жасалған жұлдыз менің ойымша ең әдемі көрінді. 9 метрдей биіктігі бар жұлдыз мәңгілік алауының қасында орналасқан. Сонан соң, “Milk Project” атты сүт өнімдерін өндіретін зауытқа бардық. Бұл жерде жұмысшылар сол өнімдердің жасалуы туралы ақпарат берді. Олардың өнімдерінің құрамында консерванттар, дәмдеуіштер және бояулар секілді зиянды заттар жоқ. Құрамында тек табиғи сүт өнімі, ал йогурттерге джем және тосап қосылады. Ал бұл өнімдердің қаптары сәйкесінше, табиғи, 90%-ы кальцийден тұрады. Бұндай сүт өнімдері өте жоғары сапаға ие болса да, олардың сақталу мерзімі қысқа: 10-15 күн. Бұл зауыттың сүт өнімдерін ішіп қарап, күшті әсер алдық. Сонан соң Көкшетау қаласының НЗМ-іне қайтып келіп, кешкі ас іштік. Содан кейін флэшмоб билеп, басқа оқушылармен танысу үшін түрлі ойындар ойнадық. Сонан соң өте жақсы көңіл-күймен қонақ үйге қайтып келдік.
