Котто мен Гилдің жекпе-жегі телевизиялық рейтингте Головкинді басып озды
6 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикандық Мигель Котто орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 34 жастағы австралиялық Дэниэл Гилді 4 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
НВО телеарнасынан көрсетілген бұл жекпе-жекті 1,589 миллион көрермен тамашалаған.
Ал осы телеарнадан берілген Головкиннің өткен жылғы Дэниэл Гилмен кездесуін көгілдір экраннан 984 мың адам көрген болатын, деп хабарлайды sports.kz.

