Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасы қандай?

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келіссөздерді аяқтады. Яғни, әлемдік сауда элитасының қатарына кірді. Ал одан бізге қандай пайда бар? Мемлекеттік бюджеттен бастап қарапайым азаматқа дейін оның келіп-кетері не? «Apta.kz» бағдарламасы осы сауалдарға жауап іздеді.

1990 жылы аталған ұйымның тек 77 мүшесі болған екен. Біздің ел биыл 162-ші болып тіркелді.

«Елдегі шағын және орта бизнестің нарықтық аясы кеңейе ме, Еуропаға, Шығыс Азияға тауарды еркін өткізіп, оны сатуға мүмкіндік ашыла ма?» дегендей күмәнді сауалдарға Президенттің жауабын естідіңіздер.

Қазақстандық кәсіп иелері дамыған, жетілген, құрылымы сауатты түзілген сауда нарығына кіреді. Ұйымға мүше мемлекеттер біздің тауарларға бірдей мүмкіндіктер беруге кепілдік етеді.

Расында, жаһанның 160-тан астам мемлекетін біріктіретін экономикалық алып ұйымға мүше болу аса күрделі шаруа. Ол қайырымдылық одағы емес. Керісінше, қиян-кескі бәсекелестік алаңы.

Онда күшті өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Яғни, өзіндік құны төмен, жұрт қызығатындай сапалы тауар өндірсең ғана ұйымның қызығын көресің. Ал, ондай мүмкіндігі болмағандар импортқа тәуелді, тұтынушы болып қалады.

Дүниежүзілік сауда ұйымы – әлемдік сауданы реттейтін экономикалық ұйым. 1990 жылдары оған 77 мемлекет мүше болса, біздің ел ұйымға биыл 162-болып тіркелді. Қазір әлемде жасалатын сауданың 95 пайызы дәл осы ұйым арқылы жүзеге асады.

Ал, сауда жүрген жерде пайда қатар жүреді. Сондықтан, Қазақ елі үшін ең алдымен сыртқа өнім шығарып, тауарлар мен қызмет түрлерін таңдауға мүмкіндік туды. Әрі шетелден инвестиция тартып, жаңа өндірістерді өркендетуге жол ашылмақ.

Бағдарламаның толық нұсқасын көріп, сарапшылардың пікірін білу үшін сайтымызға өтіңіз.

0
1
1013

Осы тақырып бойынша

Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасы қандай? - Yvision.kz