Әйел «билеген» көлік
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұсынатын «Әйел бақыты» бағдарламасының бүгін санында көлік тізгіндеген нәзік жандылар төңірегінде әңгіме өрбіді.
Бүгінгі күні автокөлік рөліне отырған әйелдер қатары көбейді. Темір тұлпардың асқан байлық, шырқау жетістік емес, жүріп-тұру құралы, қажетті механизмге айналғаны түрлі бағада және деңгейде ұсынылатыны осы бір тенденцияға жол ашып отырған секілді. Қазіргі таңда көлік тізгіндеген әйелдердің қатары көбейген. Қыз-келіншектердің көшеде емес, көлікте кетіп бара жатқаны қызығарлықтай. Себебі, заманауи болу – бүгінгінің басты талабы.
Бірақ, әйелдер мінген көліктер апатқа жиі ұшырап жатады. Қазақстанда көлік мінген келіншектер бір айда 14 баланы қағып, үшеуін мерт еткен. Суық статистика. Оның себебі неде?
Мамандар әйелдердің жол ережесіне бағынбай, қалаған уақытында ескертпестен, оңға немесе солға қарай бұрылып, жүре беретінін айтады. Себебі, олар жүргізуші курсынан толығымен өтпестен, куәлік алады.
Аса өзекті және керекті тақырыпты қозғаған «Әйел бақыты» жобасының бүгінгі бөлімін мұрағаттан тамашалай аласыздар.
