«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді
4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жарыс нәтижесінде қазақ турнирдің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады.

Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді.
Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.
«Қазақстан Барысы-2015» турниріне қатысатын палуандар тізімі:
- Ақмола облысы: Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов
- Ақтөбе облсы Бақтыбай Кісіков, Шыңғыс Шоқпұтов
- Алматы облысы: Александр Касачев, Қазыбек Рамазанов
- Атырау облысы: Табиғат Мағауияұлы, Наурызбек Өтеуов
- Батыс Қазақстан облысы: Ерлан Мұсағалиев, Олжас Сүлейменов
- Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Бейбіт Ыстыбаев
- Қарағанды облысы: Ержан Шынкеев, Асыл Бәрменов
- Қызылорда облысы: Нұрым Сәлімгереев, Руслан Әбдіразақов
- Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Максим Гербер
- Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарлығапов, Мейрамбек Жанабай
- Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мынғышов
- Павлодар облысы: Арман Махамбетов, Алан Тұрысов
- Солтүстік Қазақстан облысы: Рустем Жұмаев, Төлеген Жетпісбаев
- Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Талғат Әміренов
- Алматы: Мақсат Кікімов, Бақыт Исмағұлов
- Астана: Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен
- «Қазақстан Барысы-2014» Мұхит Тұрсынов.
Бабы мен бағы қатар шапқан мықтыны анықтайтын кез келді, ағайын. «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен бірге жанкүйер болып, жарыс көркін қыздырып, дем бере отырайық!
