Мазмұнға өту

Жаңа

Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген мәрте чемпионы Масафуми Тагахараның басшылығымен киокушинкай-кан бойынша жаттығу жиындары өтуде. Облыстық спорт және денешықтыру басқармасында түсіндіргендей, жиын барысында кумитэ және катаға әзірлік, сондай-ақ төрелік ету және жалпы дене дайындығы бойынша семинарлар ұйымдастырылады. «Атлетик» спорт кешені биыл қатысушылардың рекордты көрсеткішін жинады. Барлық облыстық құрама командалардан 500-ге дейінгі спортшы жапондық шихан Масафуми Тагахара өткізетін шеберлік сабақтарына қатыса алады. Жиын аяқталғаннан кейін Дан-тест (шеберлік дәрежесіне аттестаттау) өтеді, оның барысында спортшылар 1-ш, 2-ші және 3-ші дан қара белбеулеріне аттестациядан өтеді. Спорт шарасын өткізу республикалық ұлттық…

0
0
401

Парламент зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға енген өзгертулерді қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында:Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем бол…

0
0
292

Адамның мінез-құлқы қолтаңбасынан байқалады

Жолдан жоғары шығарып жазатындар – өте оптимист жандар. Олар достыққа берік, үнемі жаңа идеялардың бастаушысы болып жүреді. Ешқашан көңілсіз болмайды. Әйтеуір, түрлі әзіл айтып, жаңа бір қызық тауып, жұртты күлдіріп жүреді. Жолдан төмен түсіріп жазатындар – өте пессимист, өмірге сенімі жоғалған жан немесе сол сәтте көңіл күйі нашар болғаны. Еш қисайтпай түзу жазатындар – бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын адамдар. Оң жаққа қисайтып жазатындар – табандылықты, мақсатқа жетуді ойлайтын бірізділікті білдіреді. Сол жаққа қарай қисайтып жазатындар – өте тынымсыз, еңбекқор жандар. Олардың көңіл күйлері тұрақсыз. Сәт сайын мың құбылып тұрады. Сондықтан мұндай адамдармен аралассаңыз, міндетті түрде шыдамды болуыңыз шарт. Әріптерді бояп, бірнеше рет бастырып жазатындар – көбіне өкпешіл, ренжігіш болы…

0
0
2896

Шәкизада: «Аққу арман» әнін қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шәкизада бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарымен бөліскен әнші: «Жуырда Әлішер Кәрімовпен бірге «Саған ғана» атты әнге бейнебаян түсірдік. Әнін – Арман Бексұлтан, сөзін – Талант Арынғали жазды. Фариза апамыздың сөзіне жазылған Ермек Елгезековтің «Бал сезім» атты әні Моңғолияда түсірілді. Бұл екі бейнебаян қазір халық назарына ұсынылды. Тағы бір «Қыз ұзату» деген жаңа ән бар. Асқар Жайлаубаевтың әні. Әлі бояуы кеппеген ән»,-дейді. «Мені көпшілікке танытқан Қыдырбек Мәлібековтың «Аққу арман» әні еді. Бұл әнді барған жерімде көпшілік жиі сұрайды. Әнді жаңартып, халыққа жаңаша түрде ұсыну бұрыннан да ойымда жүрген. «Аққу арманның» бейнебаяны бар, бірақ, келешекте қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын». Толығырақ – «Таңшолпанд…

0
0
658

Отандық компанияларға жас маман керек пе?

Назарбаев университетінің тұңғыш түлектерінің ендігі қадамы туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» көріңіз.

Назарбаев Университеті – еліміздің беткеұстар жоғары оқу орны. Университет қазіргі заманның ең озық технологияларымен жабдықталған. Ғылым мен білімнің ­заманауи үлгілері, инновациялық технологиялар да – осында. Оқу орны  2010 жылы құрылған болатын. Көзді ашып-жұмғанша алғашқы түлектері де оқуды тәмамдады. Университетті құрудағы о бастағы мақсат – әлемдік көштен қалмай, дамыған озық мемлекеттердің кадрларымен иық теңестіре алатын мамандарды өзімізде даярлау. Себебі, сапалы білім, білікті маман – заман талабы.

Универсетитеттің тұңғыш түлектерінің енді жоспары қандай? Түлектерге отандық компаниялардан ұсыныс түсті ме? Бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» көріңіз.

0
0
319

Бенни Хилл, Роуэн Аткинсон, Джим Керри актерлікке қалай келді?

Әзіл-сықақ актерлері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. Бенни Хиллдің азан шақырып қойған есімі – Альфред Хоторн. Есімін менсінбеген Альфред сүйікті актері Джек Беннидің тегін лақап ат етіп алады. Ал, Бенни Хилл актерлікке қалай келді? Бала күнінде ол дос-жарандарының бүкіл қылығын қайталаудан жалықпай, анасының құрбыларының айтқан әңгімелерін қағып алып, сол күйінде көшеге шығып, айнытпай салатын көрінеді. Алайда, Бенни 16 жасқа келгенде әкесі үйінен қуып жібереді. Атасы талантты немересін қолдап, таныс әртістеріне немересі туралы айтады. Осылайша, сүт сатып жүрген бозбала бір-ақ күнде әртіс болып шыға келеді. Көпшілікке Мистер Бинн ретінде танылған Роуэн Аткинсон ерекше юморы арқылы төрткүл дүниеге әйгілі актер. Бір қызығы, Мистер Бинн алғашқыда актер боламын, деп ойламаған…

0
0
286

«Он алты қыз» әні қалай пайда болды?

Әнді алғаш халыққа жеткізген Әли Құрманов. Атақты «Он алты қыз» әнін «Дос-Мұқасан» ансамблінің төлқұжаты десе де болады. Әзіл-қалжыңы араласқан туындыны бүгінде күллі қазақ жатқа біледі. Соңғы кездері музыка зерттеушілері «Он алты қызды» XX ғасырдың басында өмір сүрген әнші, композитор Шынтас Қаратаевтың әні деп жүр. Ал, шығарманың шығу тарихы мынадай. Бірде Орал қаласына көрші Ресейден қонақтар келеді. Олардың ішінде Рая деген әйел де болған. Қазақша білмейтін қонақтарға сөз түсінікті болуы үшін Шынтас Қаратаев арқаланып, бірнеше қыздың атын әнге қосып, соңында «Я тебя люблю, Рая» деп қайырады. Ал, кейін әнді халыққа жеткізген Әли Құрманов. «Он алты қызды» әр әнші өзінің орындау мәнеріне икемдеп, лирикалық немесе юморлық қылып шырқап жүр. Десек те, шығарманың құрылымы батыс өлкесінің дәс…

0
0
2201

Солақайлықтың сыры неде?

Әлемде әрбір жетінші адамда кездесетін солақайлық қасиет туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» ой қозғайды. Солақай – оң қолынан гөрі, сол қолымен жазуға, әрекет етуге ыңғайланған адам. Жалпы, солақайлар тумысынан дарынды келеді дейді ғалымдар. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін қандай да қиыншылыққа көнуге даяр. Солақайлық жұмыр басты пенденің кез келгеніне бұйыра бермейтін қасиет. Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызын солақайлар құрайды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйелдерден гөрі ерлер қатарында солақайлар көп.  Сондай-ақ, Жер шарының оңтүстігінде тұратын халықтарда солақайлық өте жиі кездеседі, дейді мамандар. Бұл нендей құбылыс? Артықшылық па, кемшілік пе? Ауытқушылық па, әлде ерекше қабілет пе?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

0
0
883

Орталық коммуникациялар қызметінде соттар қызметін тұтынушылар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне арналған брифинг өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде соттар қызметін тұтынушылар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне арналған брифинг болып өтті. Зерттеуді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі халықаралық ұйымы Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен және Қоғамдық пікірді зерделеу орталығымен бірлесіп жүргізген.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ortalyk-kommunikaciyalar-kyzmetinde-sottar-kyzmetin-tutynushylar-arasynda-zhurgizilgen

0
0
415