Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген мәрте чемпионы Масафуми Тагахараның  басшылығымен киокушинкай-кан бойынша жаттығу жиындары өтуде.

Облыстық спорт және денешықтыру басқармасында түсіндіргендей, жиын барысында кумитэ және катаға әзірлік, сондай-ақ төрелік ету және жалпы дене дайындығы бойынша семинарлар ұйымдастырылады.

«Атлетик» спорт кешені биыл  қатысушылардың рекордты  көрсеткішін жинады. Барлық облыстық құрама командалардан 500-ге дейінгі спортшы жапондық шихан Масафуми Тагахара өткізетін шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Жиын аяқталғаннан кейін Дан-тест (шеберлік дәрежесіне аттестаттау) өтеді, оның барысында спортшылар 1-ш, 2-ші және 3-ші дан қара белбеулеріне аттестациядан өтеді.

Спорт шарасын өткізу республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясына жүктелген.

 
0
0
386

Осы тақырып бойынша

Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді - Yvision.kz