Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрсұлтан Назарбаев Уфада Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті

Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Мохаммад Гани екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, өзге де салалардағы қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар, Ауғанстанда болып жатқан өзгерістер әңгімеге арқау болды. Қазақстан Президенті соңғы жылдары Ауғанстан күрделі жолдан өткеніне тоқталды. «Көршілес әрі бауырлас ел ретінде сіздер үшін біз шын көңілмен уайымдаймыз. Біздің елдеріміз бір өңірде орналасқан және тарихи тұрғыдан халықтарымыз…

0
0
387

Германия ынтымақтастық жылдары Қазақстанға 3 млрд доллар инвестициялады

Берлинде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңестің отырысы өтіп, оған кеңестің тең төрағалары – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев және «Deutsche Bank AG» компаниясының Басқарушы директоры Питер Тильс қатысты, деп хабарлады холдинг. Deutsche Bank және «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен ұйымдастырылған отырысқа Қазақстанның түрлі компаниялары, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация да қатысты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап түрлі мәселелер бойынша елімізге тұрақты қолдау көрсеткен Германия бүгінде Қазақстанның сенімді әрі…

0
0
334

ЕЭК газ турбиналарына салынатын салымдарды уақытша тоқтатты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мәжілісінде сауда, техникалық реттеу, өнеркәсіп саясаты мен кедендік ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Нақтырақ айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы сырттан келетін тауарларға деген кедендік салымдардың ставкаларын уақытша 6,7 пайыздан 0 пайызға дейін төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешім негізінен қуаты 50 000 кВт болатын газ турбиналарына қатысты қабылданды, және ол 2015 жылдың 2-қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың 31-тамызына дейін күшінде болмақ. ЕЭК-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шара ЕАЭО аясындағы елдерде қуаты мықты газ турбиналарын шығару ісіне кеңейту мен ұйымдастыруға қажетті шарттарды қалыптастыруды және энергомашинақұрылысы саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Қарастыр…

0
0
440

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» көшу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. «Заң жобасы су ресурстарын одан әрі де тиімді пайдалану, жаңғыртылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұрақты әрі жоғары деңгейде дамыған ауыл шаруашылығын дамыту, ауаның ластануын төмендету, қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын арттыруға бағытталған институционалды тетіктерге көшу мәселелерін қарастырады»,-деді Талғат Ахсамбиев. Оның сөзінше, заң жобасындағы «жасыл» экономикаға қатысты өзгерістер 10 заңнамалық актіні қамтиды. «Су ресурстарын тұрақты…

0
0
386

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы Астанада 15 шілде күні өтеді

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыпов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылы 15 шілдеде, сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген өкім мәтінінде. Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган. 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi с…

0
0
449

Оқуға лайықты 5 кітап

Жаз - демалыс мезгілі. Сонымен қатар, жаз - мүмкіндік мезгілі. Себебі, күнделікті жұмыстан немесе сабақтан қол тимейтін басқа уақыттарда физикалық даму мен ой-өрісті кеңейтуге онша көңіл бере бермейміз. Ендеше, жазда менталды тұрғыда дамимын деген адамға мақсатына қол жеткізудің бірден-бір жолы-кітап оқу. Осы тұрғыда мен оқырманға міндетті түрде оқуға тұратын 5 кітап ұсынғым келеді. Бұл рейтинг өз тәжірибеме негізделген жеке көзқарас болып табылады. Назар аударыңыз, төменде кітаптардың атауын өзім оқыған тілде көрсетемін. 5) Харпер Ли, "Убить пересмешника". Бұл кітаптың басты ерекшелігі оқиға желісі кішкентай қыздың сол оқиғаны қалай қабылдағанын тыңдарманға жеткізуінде. Балалық көзқарастың бірте-бірте ересек адамның көзқарасына айналғанын тек кітапты оқып біткенде ғана түсінген адамға та…

5
0
1099

Оралда бадминтоннан халықаралық жарыс өтуде

Оралда 8 шілде күні бадминтоннан халықаралық «Condensate Apacs Kazakhstan International Series» рейтингтік турнирі басталды. Спорттың осынау түрінен Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Малайзия, Иран, Моңғолия, Беларусь, Ресей, Италия, Австрия, Израиль, Бельгия, Болгария, Шри-Ланка сынды әлемнің жиырма елінен 120-дан астам спортшылар қатысуда. Олар 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай қорын молайту үшін сынға түсуде. Ерлер арасында жекелей сында 42 спортшы өнер көрсетуде. Олардың арасында 2015 жылғы Ресей чемпионы, әлемдік рейтингте 54-інші орында тұрған Владимир Мальков, Австриядан Лука Врабер (58-інші орын), Дэвид Оберностерер (60-ыншы орын), Израильдан Миша Зи…

0
0
374

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты

Мэнни Пакьяо

Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан оған ота жасалды.

Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO) ота жасалғаннан кейін  оң иығының тез жазылып келе жатқандығын және келесі жылы шаршы алаңға қайта орала алатындығын мәлімдеді.

«Алдағы жылы жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жағдайым жақсарды, қолымды көтере аламын», — деген филиппиндіктің сөзін келтіреді BoxingScene.com.

Соңғы жекпе-жегін Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста кіші Флойд Мейвезерге (48-0, 26 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен  жеңіліп қалды. Айқастан кейін филиппиндіктің командасы Пакьяоның кездесуге жарақаттанған иығымен шыққанын және жекпе-жектен соң жағдайы күрт төмендегендігін мәлім еткен болатын, деп жазды vesti.kz.

0
0
374

Месси Аргентина құрамасынан кетуінің себебін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында біраз уақыт ойнамайтын болды. 28 жастағы футболшыға 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіліс тапқаны және жуырда аяқталған Америка кубогы, сондай-ақ жанкүйерлердің оның отбасына шабуылдағаны қатты әсер етті. Месси аргентиналық құрама бапкері Херардо Мартиноға өз шешімін жеткізіп, одан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынына шақырмауды өтінді. Месси ұлттық командада 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ол құрамада 102 матч өткізіп, 46 гол соққан. Еске сала кетсек, 4 шілдеде өткен Америка кубогының финалдық ойынында Аргентина мен Чили құрамалары шеберлік сынасқан. Осы ойын кезінде жанкүйерлер трибунада отырған Мессидің жанұясын танып қалып, оларға шабуылдамақ болған. Тіпті, оның ағасы Родригоға зат ла…

0
0
433

Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлдені иеленді

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 18 команда, 250-ге жуық спортшы қатысқан дүбірлі сайыста қызылордалықтар күміс жүлдені еншіледі. Бірінші орында — Шығыс Қазақстан, үшінші орында — Астана қаласы. Ал Павлодар облысының командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Команданың алға шығуына шиеліліктер Расул Егенов, Аят Рамазанұлы, Елжас Сапарбай, Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінен Болатхан Шанжархан, Еркебұлан Сейдан, Нұрлыбек Ыбырайұлы, аралдық Жандос Шамаранов, сырдариялық спортшылар Азамат Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев, Асқар Балтабай, Нұрғиса Өтегенов, Дәу…

0
0
442