Мазмұнға өту

Жаңа

«2015 жыл 9 шілде бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.

2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 371 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 9 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 329 объекті шығарылды, оның ішінде 187 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 81, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 19 объекті жоспарланған. Ағымдағы жыл…

0
0
304

Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

2015 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Орталық және Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімдерінің ұйымдастыруымен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа деген мүлдем төзбеушілікті құру мақсатында Сырдария ауданының «Жалын» және Шиелі ауданының «Сыр ұланы» балаларға арналған тынығу лагерлерінде оқушылар арасында «Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа шебер, жылдам және спорттық команда атағын иеленуге 9 команда қатысты. Жарыс тәртібі - спорттық эстафета(3 түрі), сондай-ақ әр команда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сурет салуды…

1
0
2606

Астана жаңа автобустармен толықты

«Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімі қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктерде қатынау қолайлы әрі шапшаң болу үшін бірқатар кешенді шараларды атқаруда. Жақында ғана елорда автобустары тегiн интернетпен қамтылып, WI-FI Bus Astana жобасының тұсауы кесiлгенін жазған едік. Бүгін Астананың ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер қатары 310 жаңа автобуспен толықса, тағы 48 автобус қазан айына дейін қатарға қосылмақ. –Шілденің 11 күні «Iveco citylis» маркалы 241 автобусты пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Соның ішінде 34 автобус 18 метрлік, ал қалғанының ұзындығы 12 метр. Барлық автобустар кондиционерлік және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, - деді «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов. Оның айтуынша, 2017 жылға дейін автобустар тапшылығын болдырмас үшін…

0
0
584

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 162 мектепке дейінгі ұйым ашылатын болады. Бұл балалардың 81 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол. Оның атап өтуінше, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үшін арнайы жол картасы әзірленген. Аталған картаға сәйкес, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 18 және жеке инвестиция есебінен 324 балабақша ашылатын болады. «Президентттің балаларды жүз пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы 2020 жылғ…

0
0
367

Сәуле Досжанова: Дүкенбай Досжанды еске алуға арналған кешті қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдаймын

Ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. 12 маусым күні Қызылордада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанды еске алу шарасы өтті. Осыған орай ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. «Еске алу кешіне Алматы, Астанадан зиялы қауым, саяси элита өкілдері қатысты. Онда жазушының шығармашылығы, өмірі, жалпы қазақ әдебиеті туралы әңгіме өрбіді. Бұл кешті тек Дүкенбай Досжанды еске алу деп емес, жалпы қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдауға болады»,-дейді ақынның жары. «Биыл «Тарланбоз» деген кітап шыққан еді. Онда Дүкеңнің Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев ағаларымыз бастаған замандастарының естеліктері, Дүкең туралы айтылған жақсы сөз, оның шығармашылығына талдау –енді. Сонымен қатар, өзімнің «Менің жалғыз сер…

0
0
662

Қазақ хандығының картасы Ватиканнан табылды

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тың жаңалықтар жарияланып жатыр. Мәселен, жақында ғалымдар Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды деп жариялады. Ендігі ретте, Ватиканнан Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды деген сүйінші хабар жетті. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған мәлімдеп отыр. «Бұрын сонды айтылмаған дүниелерді зертеп, жарыққа шығаратын уақыт келді. Қазіргі таңда Қазақ хандығы туралы шетелдік қорлардан зерттелмеген материалдар табылып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан ғалымдары шетелдік Ресей, Қытай, Иран, Франция, АҚШ ғалымдарымен қоян-қолтық бірлесіп жаңалықтар ашуда. Жақында Ватиканда Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды», – деді Бүркітбай Аяған. Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ х…

0
0
1653

«Бурабай Өрнегі» — екінші жазғы қолөнер фестивалі

Қазақстанның табиғаты сұлу, саяхатшысы көп өлкелерінің бірі Бурабай ауылының орталық алаңында 8 шілдеден бастап екінші жыл қатарынан "Бурабай Өрнегі" атты екінші жазғы фестиваль өтіп жатыр. Фестивальге жарнама Фестивальге отанымыздың және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден келген қолөнершілер, суретшілер, дизайнерлер қатысуда. Шараға олардың «ЭТНО» стильдегі дәстүрлі авторлық жұмыстары қойылуда. Қолөнершілер киізден, керамикадан, күмістен, тері мен табиғи тастардан жасалған заттарды келушілерге паш етуде. Күмістен соғылған әшекей бұйымдар мен көне стильде тігілген, оюланған киім-кешектер, қыштан күйдірілген ыдыс-аяқтар, матаның түр-түрін, ойыншықтар, сыйлықтар мен сувенирлерді дәл осы фестивальден көруге болады. "Бурабай Өрнегі" атты екінші жазғы фестивальде жұртты шеберлігімен таңқалдырып ж…

0
0
2369

Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет

Тәттімбет Қазанғапұлының шығармашылығы туралы бүгін «Ғасырлар үні» хабарынан көріңіз. Шертпе күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері лирикалық тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының музыкалық тілі орындау мәнерінің күрделілігіне, өзіндік баяндауға негізделген әрі жеңіл қабылданады. Тәттімбет күйлерінің тақырыбы әрқилы. Оның «Қосбасар», «Саржайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай», «Былқылдақ», «Боз айғыр», «Балбырауын», «Қара жорға», «Сылқылдақ», «Көкейкесті» және т.б. шығармалары осыған дәлел. Күйшінің көптеген күйі камералық-аспаптық, симфониялық, опералық шығармаларда қолданылды. Мысалы: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында «Былқылдақ», «Қосбасар», «Жамбыл» фильмінде «Саржайлау» күйі пайдаланылды. М.Сағатов эс…

0
0
730

«Сәулет өнері» факультетіне 50 жыл

Астанадағы жоғары оқу орындарының арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тарихы тереңде. Астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылған. Жақында білім ордасының «Сәулет өнері» факультеті 50 жылдығын атап өтті. Жарты ғасырлық тарихы бар факультет ұстаздары бүгінде талантты шәкірттерімен мақтанады. «Сәулет өнері» факультетінде 50 жылдың ішінде 2000-ға жуық жоғары білікті сәулетші мамандар даярланған. Олардың ішінде 300-ге жуығы түлектер халықаралық конкурстардың лауреаттары атанса, 40-қа жуығы ғылым кандидаты мен доценті атанған. Екеуі архитектура ғылымының докторы болса, оннан астам маман Халықаралық архитектура академиясының академигі мен профессоры атағын алған. Түлектердің 40 пайызы шығармашылық одақтың мүшелер…

0
0
667

В Кокшетау прошли спортивные турниры «Ел жүрегі – Астана», посвященные Дню столицы!

8 июля 2015 года в центральном парке города Кокшетау Акмолинский областной филиал МК «Жас Отан» при партии «Нұр Отан» совместно с Ресурсным центром молодежи города Кокшетау при поддержке Кокшетауского университета им. А. Мырзахметова в рамках республиканского проекта «Саламатты ұрпақ» провели спортивные турниры по стритболу, дартсу, армрестлингу. Заявки на участие принимались через социальную сеть «ВКонтакте». Цель мероприятий – популяризация здорового образа жизни, дворовых игр среди молодежи. В турнире по стритболу участие приняли 6 дворовых команд города. Непогода была бессильна перед азартом игры стритболистов разных возрастов и пола. За своё упорство и стремление к победе самые достойные были вознаграждены. В упорной борьбе 3 место заняла команда «Двойка», 2 место досталось команде «…

0
0
588