«2015 жыл 9 шілде бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.
2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 371 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 9 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 329 объекті шығарылды, оның ішінде 187 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 81, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 19 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 19 объекті шығарылды, оның ішінде 9 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 244 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 180 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 9 шілдедегі жағдайы бойынша 158 объекті шығарылды, соның ішінде 81 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 76 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 9 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 41 объект сатылды.
