Мазмұнға өту

Жаңа

Жұқпалы аурулар қауіпті ме?

Жұқпалы аурулардың қалай алдын алуға болады? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарын көріңіз. Жаз мезгілінде көкөніс, жеміс-жидектер пісіп, балалардың жазғы демалысы басталған кезде ішек жұқпалы ауруларының өсуі байқалады. Ең кең тараған ішек жұқпалы аурулары қатарында гастроэнтероколит, дизентерия, сальмонеллез, ротавирустық жұқпа және басқалары бар. Ішек ауруларын бактерия, вирустар және шартты патогендік микробтар туындатады. Бұл аурулар әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Бактериялар суда, азық-түліктерде ұзақ сақталады, қолайлы жағдайда көбейіп кетеді. Ластанған суды, азық-түлікті пайдалану, тазалық ережесін сақтамау адамдардың сырқаттануының негізгі себебі. Жазда жиі кездесетін жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады? Алдын алу шаралары қандай? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар…

0
0
403

«Поэзия әлемінде» — Қуаныш Амандық

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:45-те Ұлттық арнаны қосыңыз. Ақын Қуаныш Амандық Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтын бітіргеннен кейін 1997 жылдан бері облыстық қазақ драма театрында жемісті еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде актер отыздан астам образ сомдаса, соның көпшілігі - негізгі рөлдер. Әсіресе, Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясында Махамбет, А.Камюдың «Калигуласында» Калигула, Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Мұрат сынды бірегей бейнелерді сахнаға шығарды. Қуаныш Сайлауұлы - О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының және республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы. 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан театрларының республикалық ХVІ фестивалінде Калигула рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі»…

0
0
601

«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар. Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы. «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

0
0
557

«Қазақ елі»- казахская «Игра престолов»

Министр культуры подбросил идею снять исторический сериал о казахском ханстве -«Қазақ елі» и идея в общем то хорошая, но снять кассовый сериал за 5 000 000 $ просто невозможно. Так, например, съемка первого сезона популярного сериала "игра престолов" , обошлась в 60 миллионов долларов, а за 4 сезона 240 миллионов!!!Поэтому я не понимаю как опытный режиссер Рустем Абдрашев изначально этого не просчитал и пообещал министру уложиться в пять миллионов долларов?!!! Сейчас съемочная группа фильма, и "Қазақфильм", и Министерство культуры занимаются поиском дополнительных средств для съемок данного сериала. Сам министр планирует привлечь к проекту спонсоров из числа отечественных меценатов. Тоже хорошая идея, но каждый бизнесмен на то и бизнесмен, чтобы определенно знать как и когда отобьются его…

Ораза «Ораза қабыл болсын ағайын» (Аудио өлең, поэзия)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Оразаның қасиеті биік екен, Жаратқаннан бізге жеткен мүмкіндік. Жол сілтейтін біздерге, жарық екен, Осы жолға, біз сеніммен жүгіндік. Сырттан бүтін, ішіміз түтін болып, Бірде батып, бірде жанып жатамыз. Мүлдем сусыз, қалғандай гүлдей солып, Адасумен, күнәға тек батамыз. Шатасамыз әрине, пенде болып, Мың азапты, басымыздан өткізіп. Бейнетпенен жатсадағы, өмір өтіп, Кешірейік, кетпесін дұшпан сөгіп. Осы емес пе, мүмкіндік, о Жаратқан, Қасиетті оразаның айында. Шаршап тұрған жүрекке, дәрмен тапқан, Қалдырмай мынау адасқан күйінде. Құранменен, жанымызды ағартып, Гүл жайнатып, көгертейік өмірді. Тек…

4
1
1017

Отандық велоспорттың жағдайы қалай?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы елдегі велоспортқа арналады. Әлем елдерінде велосипед тебу спорт қана емес, өмір салтына айналып кеткелі қашан?! Велосипедтің атасы атанған неміс бароны Карл фон Дрездің «шайтан арбасынан» бастап бүгінгі қазақстандық, отандық «Номад» велосипедтеріне дейінгі аралықта талай дүние өзгерді. Бірақ,  халқымыздың санасында «велосипед тебу ересек адамдарға жараспайды», деген ұғым әлі бар. Оған күні бүгінге дейін  баланың ермегі ретінде қараймыз. Бұл көзқарасты қалай өзгертуге болады?  Елімізде велоспорттың бүгінгі даму деңгейі қалай? Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

0
0
342

«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды

Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады.    Байқау талабы бойынша  туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек.    Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.    Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.   Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.   Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

0
0
1585

Йоганың жаңа түрі пайда болды

«Эйр йога» - төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада жасалатын жаттығу. II ғасырда пайда болған йога жаттығу тәсілдері мен тәжірибесі арқылы адамды өзін-өзі ұстауға, сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін сабырлылыққа баулуға үйретеді. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Сондай-ақ, денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Раджа, карма, джанана, бхакти және хатха сынды бағыттардан тұратын йоганың тағы бір түрі пайда болды. Басты шарты төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада қалықтап жаттығу жасау керек болғандықтан, оған «Эйр йога» деген атау берілді. Баяу және жылдам, әрі экстремалды қимыл-қозғалоыста жасалатын эйр-йога адамға психологиялық, физикалық тұрғыдан көмек береді. Елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан йоганың…

0
0
720

WBA рейтингі: Бейбіт Шүменов ТОП-15-те көш бастап тұр

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды.Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде орындарын сақтап қалды.

Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) ТОП-15-те көш бастап тұр, Қанат Ислам бірінші орташа салмақ дәрежесінде (69,8 келіге дейін) 6-шы орында, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде 53,5 келіге дейін) 2-ші орында тұр.

0
0
387

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады

20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік жұмыстардың  жүргізілуіне байланысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады. Нақтырақ айтқанда, 20 шілде сағат 03:00-17:00 аралығында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша көрсетілмейді. 21 шілде күні сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аналогтық хабар тарату бағдарламасында бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ал, «Отау ТВ» желісіндегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары 14:00-16:00 аралығында күнделікті кесте бойынша тарайды.

0
0
286