Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Startup „Bolashak“ байқауының жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды

«Болашақ» қауымдастығы 17-ші шілде күні «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауының басталуын жариялады, оның жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды, деді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қ.Бішімбаев ОКҚ брифингінде.

«Болашақ» қауымдастығы жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын бастады, оның мақсаты – жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңінен қолдау болып табылады.Байқаудың бас серіктесі – Сбербанктің Қазақстандағы Еншілес банкі.

«Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингінен гранттар», - деді Қ.Бішімбаев.

Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып,   «Даму» қорының құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Әлеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев растады.

Байқаудың серіктестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қоры, «ТДЖҰА» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «BI Group» холдингі, «Atasu Group of Companies» пен «Sheberbuild» компаниялары және Астана қаласының әкімдігі.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін «Бәйтерек» холдингінің барлық өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

Сондай-ақ, «Startup «Bolashak» байқауы реалити-шоу форматында телеарналардан көрсетіледі, деді ОКҚ брифингінде «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев.

««Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі», - деді Қ.Бишімбаев.

«Startup «Bolashak» байқауы барысын республикалық телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.

«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл – жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуі, нақты бизнес-жоспар жасауы, инвесторлармен кездесуі және ең бастысы старттық капиталды алуы үшін шынайы мүмкіндік», - деп қорытындылады  «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Ақпарат көзі

 
0
0
286

Осы тақырып бойынша

«Startup „Bolashak“ байқауының жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды - Yvision.kz