Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбеде «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы ашылды

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарды «ЭКСПО 2017» қарсаңында жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе обысының әділет департаменті мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік ұйымдармен әрекеттеседі, деп хабарлады Әділет министрлігі.

Осындай қызметтің оң нәтижелерінің бірі Ақтобеде “ҚазРоботикс” Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылуы. Федерацияның мақсаты болашақтың қазақстандық инженерлердің жас буынды дайындау, білім беру және спорттық робототехниканы насихаттау, көпшілікке жетізу арқылы ғылыми-техникалық бағытты дамыту.

Осы шараға байланысты Ақтөбе облысының әділет департаменті зияткерлік меншік саласын ұгіттеу мақсатында құлтемірлердің презентациясын өткізді. Көрме алдында әділет департаменті, роботехника федерациясы, кәсіпкерлер, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдер қатысуымен брифинг өткізілді.

Елбасының Жолдауында Ақтөбе облысы ерекше атап өтілген: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді». Сондықтан осы саланы белсенді түрде дамыту қажет.

Қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Президент жанынан Ұлттық комиссия құрылып, тиісті жұмыстар орталықпен қатар өңірлерде де қарқынды түрде жүргізілуде.

Ақтөбе облысы әкімінің өкіміне сәйкес, «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамды» ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс топтары құрылып, құжатты ақпараттық сүйемелдеу, түсіндіру-насихаттау бойынша жұмыстар жасалуда. Аталған жұмыс тобына мемлекеттік орган басшылары, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың жетекшілері енді.

Шара барысында қатысушылар тарапынан «Мәңгілік ел» патриоттық акті жобасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының «үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын , Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны  жүзеге асыру  бойынша бірқатар пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

 

Ақпарат көзі

 
0
0
682

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы ашылды - Yvision.kz