Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сенбілік кездесуде» — Бибігүл Төлегенова

Алпыс жыл сахнада жүрсе де, ән айтудан жалықпаған әнші бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында сырымен бөліспек.

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың  алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Әнші  өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Бірнеше фильмдерде замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ және т.б. елдерде  болды. Семейдегі ет комбинатында жұмыс істей жүріп, ән салған жас талант иесінің үлкен сахнаға жолдаманы қалай алды? Өмір жолында кездескен түрлі қиыншылықтарды қалай еңсерді?

Бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарын көріңіз.

 
0
0
423

Осы тақырып бойынша

«Сенбілік кездесуде» — Бибігүл Төлегенова - Yvision.kz