Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші

«Көршінің қызы» концертін бүгін 17:00-де тамашалай аласыздар.

«Көршінің қызы» - композитор  Бекжан Әшірбаевтың «төлқұжатына» айналған ән. Жарыққа шыққанына 16-17 жылға жуық уақыт болса да, халық жадынан өшкен жоқ.  «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Себебі , оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр. Жуырда сазгер «Көршінің қызы» атты шығармашылық кеш берген болатын. Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Саят Медеуов, Әділ Сламхан, Жанболат пен Жазира, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Абай Бегей, Асхат Тарғынов және т.б әншілер өнер көрсеткен кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат  17:00-де тамашалай аласыздар.

 
0
0
385

Осы тақырып бойынша

Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші - Yvision.kz