«Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады
Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз.

«Қара шаңырақ» - отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан телехикая. Телехикаяның негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады. Әрқайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселені олар өз бетінше шешуге тырысады.
Бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген телехикаяның қайталау бөлімдерін бүгіннен бастап сенбі-жексенбі күндері тамашалай аласыздар.
