Ә. Жақсыбеков: Басты мақсат — Астананы еліміздегі бизнес жүргізуге ең ыңғайлы қалаға айналдыру
Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат жиынын өткізді. Күн тәртібінде үлескерлер мәселесін шешу, елордада бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, қаладағы әмбебап дүкендердегі қызмет көрсету жүйесін жақсарту және санитарлық жағдайды бақылау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Жиын барысында үлескерлер мәселесі туралы сөз қозғаған елорда әкімі жергілікті атқарушы билік жер телімдерін жобалау, құрылыс жүргізу және нысанды пайдалануға беру үшін беретіндігін атап өтті. Ал бұл талаптар бұзылғаны үшін заң алдында құрылыс компанияларының басшылары жауап берулері тиіс. "Ия, біз бұл нарықтағы жағдайды біліп отыруымыз керек. Құрылыс барысы мен жер телімдерінің игерілуіне талдау жасап отыруымыз керек. Тек осы ғана", - деді Ә. Жақсыбек…


