Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тиімді басқару мемлекеттік қызмет көрсетудің жақсару кепілі


Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Департамент қызметкерлері АҚШ халықаралық даму бойынша Агенттігі (USAID) ұйымдастырған «Қоғамдық бірлестіктердің даму мүмкіндіктерін күшейту» тақырыбындағы жұмыс семинарына қатысты, оған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдардың өкілдері де шақырылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – қызметі мемлекеттік басқаруда реформаларды институционалдандыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсету.
Бағдарламаны іске асыру арқылы, әр саланың нақты мемлекеттік қызмет көрсетулерін ұзақ мерзімге жақсарту үшін қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым қатынасты жүйелі орнату USAID жоспарында бар.
Семинарға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаменті бөлімінің басшысы Е.Ф. Степаненко, бағдарламаның нақты нәтижелерге жету үшін қоғамдық бастамаларға негізделгендігін және оның іске асырылуында меритократия принципінің негізгі факторы болатындығын атап өтті. Бұған қоса, Елена Степаненко сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ҮЕҰ белсенді қарым қатынас орнатуды ұсынды.
Аталған бағдарламаның аймақта дұрыс жүзеге асырылуы мемлекеттік қызмет көрсетулер, құқықтық нормалар және жемқорлық превенциясының күшею кепілі.

0
0
470

Осы тақырып бойынша

Тиімді басқару мемлекеттік қызмет көрсетудің жақсару кепілі - Yvision.kz