Мазмұнға өту

Жаңа

ҚХА: «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды

«Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды, деді ОКҚ брифингінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік келісімнің директоры Наталья Калашникова. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам аясында Елбасының тағы бір тапсырмасы – этномәдени ұйымдардың жалпымемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға тапсыру.Алматыдағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесуде біз этномәдени ұйымдардың осы жобаны жүзеге асырудағы рөлі мен маңызын талқыладық», - деді ол. «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР МСМ-мен бірігіп бұл жобаның ҚХА мен азаматтық қоғам институтына енуі бойынша жұмыстар жүрпгізілуде. «2015 жылдың соңына дейін 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2015 жылдың 6-7 тамызында медиацияның кезекті отырысы өтеді…

0
0
640

Н.Назарбаев: Қазақстан хандығының 550 жылдығын атап өтудегі басты мақсат – патриотизмді нығайту

Елбасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясындағы министрліктің қызметі талқыланды. Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі салмақ Мәдениет және спорт министрлігіне түсетінін айтты. Осы жылдар ішінде Мемлекет тарихы институты құрылды, көптеген ғалымдарымыз тарихи материалдар іздеп табу және оларды жан-жақты зерделеу үшін шетелдерге шықты. Ел болу үшін, сондай-ақ жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу үшін бізге Қазақстанның шынайы тарихы керек, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағда…

0
0
298

ҚР-ның Аустриядағы елшісі Каринтия басшылығына «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуын таныстырды

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай Каринтия аустриялық федералдық жерінде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады ҚР СІМ. Сапар шеңберінде федералдық өңірдің саяси басшылығымен, іскерлік және мәдени топтарымен, атап айтқанда Жер парламентінің президенті Райнхарт Рормен, Каринтияның Жер үкіметі басшысының орынбасары Беате Преттнермен, жетекші өнеркәсіп компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ Филлахе қаласының фольклорлық фестивалінің ұйымдастырушыларымен кездесулер өтті. Каринтия басшылығымен кездесулер кезінде аустриялық тарап Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы, бес институционалдық реформа мен оны жүзеге асыру бойынша«100нақты қадам» аясында еліміздің ілгері даму жоспары туралы және«ЭКСПО-2017»халықаралық мамандырылған көрмеге дайындық, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске ас…

0
0
292

Қызылордалық кеңесшілер 2,7 млрд теңгені құрайтын 126 бизнес-жоба әзірледі

Биыл Қызылорда облысының барлық аудандандарында ашылған Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында бизнес жоба әзірлеуге қатысты сұраныс қатары артуда, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жыл басынан бері Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының кеңесшілері кәсіпкерлергежалпы құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын 126 бизнес жоба әзірлеп берді. Бүгінде аталмыш жобалардың жалпы құны 104 млн.теңге болатын 10 жобасы қаржыландырылды, қалғандары қаралуда. Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілеріне бизнес жоба әзірлеткендердің бірі Бауыржан Таңатар. Ол қызы Болатбекова Айдана екеуі бірінші «Бизнес-кеңесші», одан кейін «Бизнес өсу» жобасы бойынша оқып шықты. Оқыту курсына әкелі қызды кәсіпкерлер дайын идеямен келді: мақсаттары жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға бағытталған кәсіп ашу. «Бизнес-Өсу» жобасында Бау…

0
0
384

Бакуге қазақстандық контейнерлік пойыздың алғашқы легі келді — ҚТЖ

Бүгін Бакуге ТЭЗЗА «Evolution» сериясындағы қазақстандық тепловоздың алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл оқиға Транскаспий бағдарындағы Қытай-Қазақстан –Кавказ елдері – Түркия халықаралық «Nomad express» контейнерлік пойыздың келіп жетуімен тұспа тұс келді, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ. Салтанатты шарада «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов Әзербайжан темір жолы мен Қазақстан темір жолының арасында ұзақ жылдардан бері сенімді серіктестік орнағандығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел темір жолдарының басшылығы бұл дәстүрді жалғастыра отырып, жоғары сапалы темір жол өнімін алуды көбейте түспек. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қазақстанның Әзербайжанға темір жол көлігі машиналарын жеткізетін сенімді орындаушы екендігін айта келіп, қазіргі таңда тепловоздар, электровоз…

0
0
341

Н.Назарбаев: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек

Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мәжіліске сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов және Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты. Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың н…

0
0
237

Орал қаласының Желаев кенттік округі активімен кездесу

2015 жылдың 31 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы мен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»-ның бірінші реформасы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өз ара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев Орал қаласы Желаево кенттік округінің белсенділерімен кездесті. Кездесу алдында Департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекет…

0
0
448

СҚО-ның әкімі Петропавлдағы балабақшалар мен тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласына жасаған сапары барысында облыс орталығының құрылыс алаңдарында болды. Бірінші кезекте өңір басшысын балабақшалардың құрылысы қызықтырды, деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі. Жұмысшылар ауылында 320 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесін мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «Севказэнерго» акционерлік қоғамының өкілдері салуда. Құрылысқа 70 адам жұмылдырылған, тамыз айынан бастап, инженерлік желілер салынып, тамыздың соңына дейін қабырғалары қаланатын болады. СҚО-ның әкімі құрылыс қарқынын белсендендіруді тапсырды. «Қыркүйек айының соңында кең ауқымды құрылысқа көшіп, қосымша желілерді отырғыза беру керек. 15-қыркүйек пен 15-қазан аралығында абаттандырумен байланысты жұмыстарды атқарылуы тиіс»,-деді ол…

0
0
222

Б.Женалаев: «SOS балалар ауылы» — балалар мен жастарға көмек көрсететін бірден-бір жоба

«SOS балалар ауылы» - балалар мен жастарға көмек көрсететін бірден-бір жоба, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «SOS балалар ауылы» корпоративтік қорының директоры Батырхан Женалиев. «1997 жылы ең бірінші қатарға қосылған Алматы балалар ауылы, SOS балалар ауылы Ұлттық қауымдастығы дамуының алғашқы сатысы болып табылады. Өз қызметін «SOS Астана балалар ауылы» Астана қаласында 2000 жылы бастаса, Теміртау қаласында «SOS балалар ауылы» 2004 жылы жалғасты. Бүгінгі таңда балалар ауылында 345 бала тұрады, олар жастарына сәйкес білім алып, толық қамқорлықпен қамтамасыз етілген. 800-ден астам балалар мен олардың жанұялары «Отбасын қамту SOS жобалары» арқылы жан-жақты қолдау тауып отыр», - деді ол. Балалар ауылындағы тәрбиелеу кезеңінің негізі: баланың жан-жақты дамуының жеке жоспары, ола…

0
0
1132

«100 нақты қадам» Теректіде талқыланды

2015 жылдың 31 шілдесінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын түсіндіру мақсатында Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында іс-сапармен болды.

Кездесуге Теректі ауданыынң активі, Зеленов, Тасқала және Ақжайық аудандары әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.

Шара соңында қатысушыларға «Бірінші институционалды реформа: Заманауи, кәсіби және автономды мемлекет құру» жаднамалары таратылды.

0
0
355