Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

2015 жылдың 30 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің консультанты М.Кабдоллин жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектеріне арналған барлық сала бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Аталаған іс-шарада 65 адамға мемлекеттік қызмет саласы бойынша түсіндірілім жұмыстары жүргізілді. Айта кетсек, жалпы мемлекеттік қызметке орналасу жолдары, мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі бойынша жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектеріне толық түсіндіріліп, тестілеу бағдарламалары үлестірілді.
Сондай ақ, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметке қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта мемлекетке қызмет етуге ынта-жігерлерінің бар екендігін білдірді.

