Субмәдениеттер фестивалі
Субмәдениеттер фестивалі
Ғаламдық жастар арасында жасына, жынысына қарамастан бір-бірін сабақтастырып, біріктіріп тұратын өзгешелеу толқын пайда болды. Жаһандану заманы жастарға жаңа леп, жаңа дем әкелген кезең. Өйткені, әлемнің бір шетінде пайда болған құбылыс, көп ұзамай дүниенің келесі бір бөлігіне оңай көшіп, онда орын тауып дамиды. Әңгіме субмәдениеттер жайында.
Өткен демалыс күндері, Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығы Орталық Жағалауда қала тұрғындарының назарына «Субмәдениеттер Фестивалін», яғни жастар мәдениетін жаңа қырынан көрсетті.
Еліктіргіш, әрі көп күшті талап ететін трюктер, епті ержүрек секіру, жіп үстінде үйлестірілген жүріс, осының барлығы: воркаут, паркур және слэклайн жастар субмәдениетінің бағыттары. Қала тұрғындары бірегей таңқаларлық мезеттерді ұялы телефондарына түсіріп әлек болды, жастар қызығушылықпен әр қимылды тамашалап өдері де сондай өнер иесі болғысы келді. Мерекенің мұндай түрі жастар субмәдениетінің дамуына түрткі болып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін еркін көрсетуіне мүмкіндік жасайтын алаң.
