Павлодар қаласы мен облыстарының жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен бухгалтерлері үшін методикалық күн
Павлодар қаласы мен облыстарының жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен бухгалтерлері үшін методикалық күн
«Радуга взаимного сотрудничества» жобасы шеңберінде Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар қаласы мен облыстары жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері мен бухгалтерлері үшін методикалық күн өткізді.
Жиын басын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Садыкова Айгүл Аблайханқызы «ЖРО қызметінің басты бағыттары, нысан және жұмыс әдісі» тақырыбымен ашты. Содан кейін Павлодар облысының «Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің басты бухгалтері Р.Т. Капаева және методикалық жұмыс бойынша директор орынбасары С.Ж. Тұрарқызы «Орталықтар жұмысын жоспарлау. Есептілік нысандары» тақырыбы жайында сөз сөйледі.
Кіріспе бөлімнен кейін Жастар бастамаларын дамыту орталығында 5 бағыт бойынша жаттықтырушы семинар өтті.
1) «Кадрлық аудит, басқарманы құжаттамалық қамтамасыз кету»
2) «Реквизитті ресімдеуге қойылған талаптар»
3) «Кіріс пен шығыс қағаздарын өңдеу тәртібі»
4) «Хат дайындауды бақылау және тіркеу тәртібі»
5) «Ұйымның жұмыс номенклатурасы»
Жаттықтырушы семинарға «Павлодар облысының құжаттамасы мен мұрағатын басқару» ММ-нің мұрағатты толымдау бөлімшесінің мамандары дәріскер ретінде шақырылды.
Ресурстық центр орталықтары мамандарының қалауын, сонымен қоса ЖБДО қызметінің анағұрлым өзекті мәселелерін есепке алумен мұндай семинарлар әр ай сайын өткізілмек.
