Мазмұнға өту

Жаңа

Аграрийлер Үйіндегі семинар

Ағымдағы жылғы 5 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Ұлт жоспары 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде Бірінші институционалды реформаны түсіндіру бойынша семинар өткізді.Аграрийлер Үйінің үлкен залына ауыл шаруашылық саласы, индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік басқармасы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау бойынша департаментінің жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері шақырылды.Мемлекеттік қызметшілерді жаңа жұмыс жағдайларына даярлау мақсатында департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесінде болатын реформа, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі және еңбек төлемінің факторлық-балдық ж…

0
0
424

СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы

Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы, облыстық мәдениет орталығының залында өткен СҚО ІІД Тәртіптік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Іс-шараға облыс прокуратурасы, СҚО бойынша ҰҚКД, мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ІІД қоғамдық Кеңесінің мүшелері мен ІІД жеке құрамы шақырылды. Тәртіптік кеңестің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, жемқорлық тәуекелдерін талдау жүйесін жаңғырту, құқық қорғау органдарының қатарында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Жемқорлық және тәртіптік құқық бұзушылықтарға бой алдырған тәртіп сақшылары тыңдалды, оның ішінде Петр…

0
0
842

ҮИИД: Қарағандыда 50 тоннаға дейін дайын өнім өндіретін нан зауыты ашылады

Қарағандыда индустриаландыру Картасына «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС – «Нан зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы енгізілді, деп хабарлады қала әкімдігі. «Жобаның жүзеге асуы 230 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тәулігіне 50 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін өндіруді жоспарлауда.Италия, Франция, Швеция, Дания, Болгария сияқты, алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің заманауи энергия үнемдейтін еуропалық жабдықтарымен жасақталған үздіксіз өндірістік айналымды жаңа нан зауытының құрылысы Қарағанды, Теміртау қалаларын және жақын маңдағы елді мекендердің шамамен 12 түрлі атаулы және жоғары сапалы нан-тоқаш өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада. Жаңа өндірісті 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.Сонымен қатар, кеңес барысында…

0
0
611

5 мыңнан астам ШОБ 1 трлн 37 млрд теңгенің субсидиясына ие болды – «Даму» қоры

Қазақстанда 7 пайыздық үстемемен 5475 ШОБ субъетісі субсидияға ие болды, олардың құны 1 трлн 37 млрд-қа тең, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков. «Астана қаласының өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қала әкімдігі – 500 млн.теңге, «Даму» Қоры – 1 млрд.теңге бөлді. Аталған бағдарламаға өз жобаларын Астана аумағында іске асыруды жоспарлайтын және /немесе іске асырып жүрген Астана кәсіпкерлері қатыса алады», - деді ол. Олар үшін несие сомасы 20 млн.теңге, сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 7%. «Даму» Қоры ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерге несие сомасынан 85% дейін көлемде кепілдік береді. Қазіргі уақытта аталған бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктермен Несиелік шарттарға қол қоюлар жүрг…

0
0
272

ҚР ДСӘДМ зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, осы орайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен брифингте вице-министр С. Жақыпова заңның нормаларын түсіндірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойды. «2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік…

0
0
607

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерді 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы төлеуге міндеттейді – ҚР ДСӘДМ

2018 жылдың 1-қаңтаранын бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова министрлікте өткен брифингте. «2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады. Жұмыс беруші өзінің әрбір қызметкерінің кірісінің 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын болады. Аталған зейнетақылық төлемдер әрбір азаматқа жеке ашылатын шартты зейнетақы есептерінде аккумуляцияланады және бұл зейнетақылық міндеттемелер болады. Осы талаптар бойынша, төлемдердің мөлшері белгіленеді. Төлемдер зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы, жинақ…

0
0
337

ҚР ДСӘДМ: 2018 жылдан бастап, ЕАЭО елдері зейнетақыны мемлекеттер арасында экспорттамақ

2018 жылдан бастап, Еуразиялық экономикалық одақ елдері зейнетақылық салымдарды мемлекеттер арасында экспорттауды көздеп отыр, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі заңын түсіндіруге арналған брифингте. «Қазір Бірыңғай экономикалық аймақ аясында Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен бірге зейнетақылық келісім жасалмаған, алайда келісімнің жобасы сарапшылардың деңгейінда талқылануда. Онда да зейнетақының Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге экспорты талқылануда. Мұндай жағдайда Ресей мен Беларусь тарапы төлемдердің ай сайын болуын талап етуде. Егер аталған келісім заңды күшіне енетін болса, онда біз зейнетақылық жинақтауларды ай сайын экспорттау мәселесін қолға аламыз»,-деді С.Жақыпова. Вице-министрдің сөзінш…

0
0
256

ҚР-да медиацияны дамыту үлгісі жасақталуда

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қақтығыстарды алдын алу және шешу медиация орталығының отырысы өтуде. Аталмыш жиынның мақсаты отандық және шетелдік сарапшылардың, мемлекетік және құзырлы органдардың мамандарының қатысуымен қоғамдық келісім мәселелерінде медиация процедураларын пайдалануды талқылау, осы салада ынтымақтастық орнату, жаңа тетіктерді бірлесіп табу болып табылады «Аталмыш шара ҚХА 2020-жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында өтуде. Медиация институты. Оның құралдары түрлі мәселелерді шешуде өте маңызды. Алайда Қазақстанда медиацияны басқаша пайдаланады. Егер халықаралық деңгейде медиация қақтығыстарды шешу, болдырмау құралы боса, Қазақстанда ол қоғамдық келісімді нығайту құралы болып табылады»,- деді «Қоғ…

0
0
467

Қазақстандық гимнаст Әзизбек Құдратоллаев Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Әзизбек Құдратоллаев Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия чемпионатының спорттық гимнастика жарысында қола жүлде ұтып алды, деп хабарлайды ҚР Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа Азияның жеті елінен келген атлеттер қатысқан. Гимнаст Әзизбек Құдратоллаев шығыршықтағы жаттығулардан финалына шығып, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирде жалпыкомандалық 5-ші орын иеленді.

Біздің анықтама: Әзизбек Құдратоллаев - Шымкент қаласының тумасы, спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың финалисі, 2015 жылғы Әлем кубогы кезеңінің (Любляна қаласы, Словения) күміс жүлдегері.

0
0
252

Бүгін «Абердин» — «Қайрат» матчы өтеді

Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Абердин» - «Қайрат» матчы бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 00:45-те Абердиннің (Шотландия) «Питтодри» стадионында өтеді. Бүгін шотландияның «Питтодри» стадионында Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Абердин» алматылық «Қайрат» командасымен ойнайды. Матчқа чехиялық Мирослав Зелинка төрелік етеді. Оған отандастары Ондржей Пеликан мен Радек Котик көмектеседі. «Қазақстаннан жол ұзақ болды. Оның үстіне ұшағымыз сынып, Абердинге кешігіп келдік. Алайда бүгін тынығып, жаттығуды бастап кеттік. Командамыздағы Плиев ойынға шығуға дайын емес, ал Гоу мен Риераның аздап жарақаты бар. Біздің мақсатымыз – Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу. Алайда бұл оңай емес, себебі «Абердин» мықты ұжым. Бүгін жанкүйерлер шабуылы көп футбол көре…

1
0
202