Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҮИИД: Қарағандыда 50 тоннаға дейін дайын өнім өндіретін нан зауыты ашылады

Қарағандыда индустриаландыру Картасына «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС – «Нан зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы енгізілді, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Жобаның жүзеге асуы 230 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тәулігіне 50 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін өндіруді жоспарлауда.Италия, Франция, Швеция, Дания, Болгария сияқты, алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің заманауи энергия үнемдейтін еуропалық жабдықтарымен жасақталған үздіксіз өндірістік айналымды жаңа нан зауытының құрылысы Қарағанды, Теміртау қалаларын және жақын маңдағы елді мекендердің шамамен 12 түрлі атаулы және жоғары сапалы нан-тоқаш өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жаңа өндірісті 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.Сонымен қатар, кеңес барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қаржыландыруға 2 жоба қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді, оның аясында заманауи үлгідегі сауда объектілер құрылысының жобаларын қаржыландыруға рұқсат етілді.

«Таир» («Асим» ЖК) сауда үйінен «Таир-5» СОҮ құрылысы», кинотеатр үшін жабдық сатып алу және қарызды қайта қаржыландыру» жобасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін қаржыландыру мүмкіндігі туралы өтінім түсті.

Оған қоса, «Евротехногаз» ЖШС – «қауіпті жүктерді тасымалдау үшін екі бірлік техника сатып алу» жобасы қарастырылды.Бұл жобалар аясында 17 жаңа жұмыс орындары құрылады.

Қолдау тапқан жобалар ҮИИД бойынша аймақтық Үйлестіру кеңесінің отырысына қарастырылуға жолданды.

Сонымен қатар, ОҚО-да 27 тауарлы-балық шаруашылығы құрылатын болады. Алдағы үш жылда балық өңдеу көрсеткішін 3 800-ден 8 мың тоннаға дейін ұлғайтып, дайын өнімді Еуропаға жөнелту жоспарлануда. Биылғы жылы «Максимум» жобасын жүзеге асыру үшін 400 млн теңге қарастырылған. 2016-2017 жылдары қосымша 1 млрд теңге бөлінетін болады.

«Аталған бизнес түрімен айналысқысы келетін әрбір кәсіпкер жеңілдікпен 5 жылға несие ала алады. Ал, келесі жылдан бастап, балық өнімдері бағасын төмендету үшін облыстық бюджеттен субсидияларды төлеу үшін 300 млн теңге бөлінеді. Аталған шаралар балық шаруашылығын дамытуға жаңа серпін береді»,-деді облыс  әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев.

Шардара ауданында екі балықты қайта өңдеу зауыты мен балық өңдеу цехы жұмыс істейді. Олар «Хамит» ӘКК-сы мен «Шардара-1». Бұл кәсіпорындар өткен жылы 3 мың 600 тонна өнім өндірді. ИИДМБ аясында екі шағын зауыт пен балықты қайта өңдейтін цех салынуда. Олар іске қосылған жағдайда қосымша 700 тонна балық өнімдері өндіріліп, 85 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Бүгінде осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер ілкі жоба ретінде Шардара су қоймасы мен тоғандарда балық өңдеуде.

Ақпарат көзі

 
0
0
603

Осы тақырып бойынша

ҮИИД: Қарағандыда 50 тоннаға дейін дайын өнім өндіретін нан зауыты ашылады - Yvision.kz