Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

5 мыңнан астам ШОБ 1 трлн 37 млрд теңгенің субсидиясына ие болды – «Даму» қоры

Қазақстанда 7 пайыздық үстемемен 5475 ШОБ субъетісі субсидияға ие болды, олардың құны 1 трлн 37 млрд-қа тең, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.

«Астана қаласының  өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қала әкімдігі – 500 млн.теңге, «Даму» Қоры – 1 млрд.теңге бөлді. Аталған бағдарламаға өз жобаларын Астана аумағында іске асыруды жоспарлайтын және /немесе іске асырып жүрген Астана кәсіпкерлері қатыса алады», - деді ол.

Олар үшін несие сомасы 20 млн.теңге, сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 7%. «Даму» Қоры ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерге несие сомасынан 85% дейін көлемде кепілдік береді. Қазіргі уақытта аталған бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктермен Несиелік шарттарға қол қоюлар жүргізілуде.

Сонымен қатар салалық және өңірлік шектеуліктер қарастырылмайтын кепілдендірудің баламалы бағдарламасы әзірленуде.

Бүгінгі таңда қайта өңдеу өнеркәсібі сияқты басым салалар туралы сөз қозғайтын болсақ, бұл бағытта қор тарапынан салалық шектеулерсіз балама бағдарлама дайындалуда.

«Басымдыққа ие салаларда шектеулі ғана кәсіпорындар жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласында бізде кәсіпкерлердің тек 3 пайызығы ғана жұмыс істейді. Сауда мен қызмет саласында  кәсіпкерлердің 70 пайыз үлесі бар. Сол сбеепті бізге басымдыққа ие салалардың тізімін кеңейту қажет»,-деді Ғ.Лесбеков.

«Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін 750 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша жылдығы 14% аспайтын жалпы мөлшерлеменің 10% мемлекет субсидиялайды.  Басым секторлардағы кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры 7% субсидиялайды, ал өңдеу өнеркәсібіндегілер үшін 4,5 млрд.теңгеге дейінгі несие бойынша жалпы мөлшерлемесі 14%-дың 10% субсидиялайды»,-  деді ол.

Соңғы 6 айда 10% кем емес валюта түсімі бар экспортшылар үшін егер несие теңгелей болса, жалпы мөлшерлеменің 14% -нан 6% дейін немесе егер несие шетелдік валютада болса жалпы мөлшерлеменің 12%-нан  5% дейін мемлекет субсидиялайды.

Г.Лесбековтың  пікірінше, шағын және орта бизнес саласы қолдауға ие болмайды деген пікірді қоғам арасында тарату қажет емес.

«Бұл жерде экспорт жасап отырған компанияларға  өте ыңғайлы. Оларға халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік туады. Енді бизнес пен кәсіп ашу ашық болады. Шетелдік инвестиция ағыны, оның ішінде шағын және орта бизнес нысаны бар салаға құйылады. Біздің бизнес аз экспорттайды, бұл нарықтың ашықтығы бәсекелестіктің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ақпарат көзі

 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

5 мыңнан астам ШОБ 1 трлн 37 млрд теңгенің субсидиясына ие болды – «Даму» қоры - Yvision.kz