Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аграрийлер Үйіндегі семинар

Ағымдағы жылғы 5 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Ұлт жоспары 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде Бірінші институционалды реформаны түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Аграрийлер Үйінің үлкен залына ауыл шаруашылық саласы, индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік басқармасы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау бойынша департаментінің жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері шақырылды.
Мемлекеттік қызметшілерді жаңа жұмыс жағдайларына даярлау мақсатында департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесінде болатын реформа, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі және еңбек төлемінің факторлық-балдық жүйесінің ерекшеліктері туралы барынша толық ақпарат беруге тырысып бақты.
Еңбек төлемінің қоры, бағалау критерийлері, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасына қатысты сауалдарға нақты түсіндірмелер берілді.

0
0
413

Осы тақырып бойынша

Аграрийлер Үйіндегі семинар - Yvision.kz