ҚР ДСӘДМ: 2018 жылдан бастап, ЕАЭО елдері зейнетақыны мемлекеттер арасында экспорттамақ
2018 жылдан бастап, Еуразиялық экономикалық одақ елдері зейнетақылық салымдарды мемлекеттер арасында экспорттауды көздеп отыр, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі заңын түсіндіруге арналған брифингте.
«Қазір Бірыңғай экономикалық аймақ аясында Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен бірге зейнетақылық келісім жасалмаған, алайда келісімнің жобасы сарапшылардың деңгейінда талқылануда. Онда да зейнетақының Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге экспорты талқылануда. Мұндай жағдайда Ресей мен Беларусь тарапы төлемдердің ай сайын болуын талап етуде. Егер аталған келісім заңды күшіне енетін болса, онда біз зейнетақылық жинақтауларды ай сайын экспорттау мәселесін қолға аламыз»,-деді С.Жақыпова.
Вице-министрдің сөзінше, адамдардың өздері келіп, құжаттарды өткізіп, бұл қаржыны бір мезгілде шығарып алып жүрген кезде қаржы әрине, зейнетақылық қамтамасыз етуге жұмсалған жоқ. Сол себепті РФ мен Беларусь сарапшылары зейнеткерлік жасқа жеткен соң азамат тұрып жатқан және белгілі деңгейде қаржы жинақтаған мемлекеттің бұл төлемдерді ай сайын аударып отыруын қалайды. Егер азамат Ресейде тұрып жатып, Қазақстанға көшіп келсе, онда Ресей қоры оған сақтандыру зейнетақысын ай сайын аударып отырады.
«Келісім шамамен 2018 жылы күшіне енуі керек. Бүгін жоба дайын және тараптармен қаралуда»,-деп қосты С.Жақыпова.
«Заң қарастырып отырған үшінші жаңалық күш-қуат құрылымдарының қызметкерлерін мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету институтына аудару мәселесі болып отыр. Бүгінде біздің күш-қуат құрылымдарымыз мемлекеттің әскерилерге қатысты жүзеге асыратын зейнетақылық төлемдердің 20 пайызынан жинақталған базалық жинақтауларды алуға құқылы. Тәжірибе көрсеткеніндей, зейнетақылық төлемдер мен зейнетақылық қамтамасыз етулер күш-қуат құрылымдары үшін сәйкескелмейді. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 73 мың адам күш-қуат құрылымдарының зейнеткерлері болып табылады, олардың 53 мыңының толық еңбек өтілі бар, еңбек өтілі толық емес 1 мың 500-ден астам күш-қуат құрылымдарының қызметкерлері зейнетақылық төлемдерді отставкада жүр. Өйткені олардың зейнетақылары бойынша жалпы еңбек өтілі мен 1998 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша еңбек өтілі есептелген»,-деді С.Жақопова.
