«Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның Абердин қаласында Алматының «Қайраты» жергілікті командамен шеберлік байқасты. Ойын барысында басымдық алаң иелерінің жағында болғанымен, Владимир Вайсстың шәкірттері қорғанысты нық ұстап, оңтайы келгенде, қарсы шабуылдауға тырысты. Бұл тактика екінші таймда өз жемісін берді. 59-минутта «Абердин» қақпасының алдындағы қарбалас сәтті шебер пайдаланған «Қайраттың» мерген ойыншысы Жерар Гоу есеп ашты. Кездесу соңына таман шотландиялық команданың шабуылы үдей түсті. 84-минутта айып добын беру сәтінде Кенни Маклин қақпа бұрышын дәл көздеді. Соңғы секундтарда «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников керемет шеберлік көрсетіп, қақпасын аман алып қалды. Сөйтіп тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі кездесу қорытындысымен (Алматыдағы матчта а…

