Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды
Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды.

Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан қыз-келіншектер қатыса алады. Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.
Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.
