Көліктік бақылау Инспекциясында мемлекеттік қызмет саласында болатын өзгерістер талқыланды

Ағымдағы жылғы 5 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет саласы заңнамасындағы негізгі өзгерістерді түсіндіру және талқыға салу үшін «Солтүстік Қазақстан облысының көліктік бақылау инспекциясы» ММ ұжымында ақпараттық семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы, бірінші институционалды реформаны жүзеге асыру шеңберінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мәселелер қарастырылды.
Мемлекет Басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндірумен қатар, Департаменттің түрлі нысаналы аудиториялары арасында жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыстары да әңгіме өзегіне айналды.
