Мемлекеттік сатып алу басқармасындағы маңызды кездесу
Ағымдағы жылдың 6 тамыз күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтсе, Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің консультанты Ә.Мұқашев «Е-…
