Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар

 

Ағымдағы жылдың басында Департамент облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және жастар ұйымдарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды, онда «белсенді азаматтық ұстанымды, жемқорлыққа қарсы танымды қалыптастыруға, сондай-ақ жастарды құқықтық және адамгершілік тәрбиелеуге қатысады» деп көрсетілген.

Аталған Жоспардың іске асыру үшін облысымызда жастар арасында бірлескен шаралар өткізілуде, мысалы, жастар көшбасшыларымен кездесу, «Таза сессия» акциясы, «Ұрпақтар ұлағаты» атты ардагерлермен кездесу, «Заң – тәртіп кепілі» және тағы басқа іс-шаралары.

12 тамызда Халықаралық жастар күні мерекесі аталып өтілетіні белгілі. Ағымдағы жылы облысымызда Халықаралық жастар күнін кең көлемде тойлау және мерекелеуді 5 тамыздан бастау керек деп жоспарланды.

5 тамыз күні Орал қаласының С.Датұлы алаңында Халықаралық жастар күніне орай бірнеше іс-шара оздырылды. Іс-шара жастар ұйымдарынан құралған топтардың QUEST-CITY ойынының ашылуына қатысуымен басталды. Ереже бойынша әр топ қала ішінде белгіленген жерлер бойынша қозғалулары қажет, яғни тарихи ескерткіштер, мұражайларды аралау. Ол жерде қатысушыларға логикалық ойлауға тапсырмалар беріледі, мысалы патриоттық ән шырқау. Барлық сұрақ жауап беріп, мәреге бірінші болып жеткен топ жеңімпаз болып табылады. Шартқа сәйкес кез-келген автокөлікті қолдануға болады, тек жеңіл автокөлік пен велосипедті қолдануға болмайды.

Қатысушыларға белгіленген жерді іздеуде және тапсырмаларды орындауда гаджеттер қолдануға рұқсат берілді.

Қатысушылар белгіленген жерді аралап, тапсырмаларды орындағанша алаңда жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен «Домбыра Думан» (Домбыра PARTY) басталды.

Жастар «Асық PARTY» ойынына белсене қатысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар «Бауырсақ PARTY» өткізді. Бұл жерде кез-келген адам мақал айтып, жұмбақ шешіп және сол үшін бауырсаққа ие болды. Қатысушылар саны толастамады.

Кешкі сағат сегіз жарымдар шамасында QUEST-CITY ойынының мәресіне алғашқылары келіп жетті. Бірінші орынды «Жасыл Ел» тобы ұтып алса, олар барлық сұрақтарға дұрыс орындаған. Екінші орынды «Орал студенттер Альянсы», үшінші орынды «Ақиқат» тобы иеленді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Алдағы күндері «Ашық аспан астындағы кино», облыстық жастар ұйымдары арасындағы пейнтболдан турнир, фотожорық, «Караоке BATTLE» және тағы басқа шаралар өтетін болады.

Халықаралық жастар күні 2015 жылдың 12 тамызында Орал қаласы Қадыр Мырза Әлі алаңында еліміздің белгілі әртістерінің қатысуымен өтетін мерекелік шарамен аяқталатын болады.

Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм, еңбекқорлық, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Департамент, өз кезегінде жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасай беруге дайын екенін білдіреді.

   

0
0
4564

Осы тақырып бойынша

Жастар ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар - Yvision.kz