Қаратөбе және Сырым ауданының активімен кездесу

«2015 жылдың 5 тамыз Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер туралы және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Ә.Мұқашев Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе ауданында іс-сапармен болды.
Кездесуге Сырым ауданының активі мен Шыңғырлау және Қаратөбе, аудандары әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.
Шара барысында қатысушыларға «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы» кәсіби аппарат пен автономды мемлекет құрудың басты бағыттары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі мақсаттары және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін түсіндірілді.
Шара соңында қатысушыларға «Бірінші институционалды реформа: Заманауи, кәсіби және автономды мемлекет құру» жаднамалары таратылды.
Осындай шара Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылында өткізілді.
Семинар-кеңесте Қаратөбе ауданының дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек жұмыстары түсінтірілді.
Департамент қызметкерлерімен жасалған баяндамалар арнайы жасақталған слайдтармен сүйемелденді.

