Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді
2015 жылғы 6 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.О.Оразали «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасының «тікелей эфиріне» қатысты.
Бағдарламаның басты тақырыптары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» атты бірінші институционалдық реформасы, Департаменттің негізгі міндеттері мен қызметтік бағыттары, I жартыжылдықта атқарған жұмыстары, мемлекеттік қызметті өткеру, Тәртіптік кеңестің жұмысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде болды.
«Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы екені мәлім. Енді осы талаптар мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек.» - деп атап өтті М.Оразали.
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында қойылған мемлекеттік қызметке тұру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, алдағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, еңбекақы төлеудің жаңа әдісі жөніндегі сұрақтарға жауап берілді.

0
0
434

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді - Yvision.kz