Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген
Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған Успенка ауданы Галицкое ауылының тұрғыны үйдің сапасыз салынғанын айтып шағымдануда. Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген. Ал жергілікті атқамінерлер тұрғынның жұмыс істеп жүрген серіктестікке 200 мың теңгеден астам қарызы барын айтуда. Сол себепті негізсіз ші шығарып отырғанын алға тартады. Мәселенің мән-жайымен танысқан тілшіміз Салтанат Нысанбекова толықтырады. Галицкое ауылындағы көз тартар бұл үйлер осыдан төрт жыл бұрын бой көтерді. Екі пәтерлі алты үй жағдайы нашар 12 отбасыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша берілген болатын. Екі қолға бір күрек тауып, баспаналы болғандардың бірі – Татьяна Роот. Алайда ол үйдің сапасыз екенін айтып ша…

