Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Жалға алған жерін ластап...»

Жаздың аптап ыстығында Павлодар қаласы тұрғындарының басым бөлігі жағажайға ағылады. Ыстық қапырықта суға шомылып, табиғат аясында демалғанға не жетсін?!

Оған қоса, осыдан бір ай бұрын Ертістің сол жақ жағалауында «жылы жағажай» демалыс аймағы ашылған еді. Алайда, аталған жер телімінің қожайыны қысқа мерзімде бұл аумақты күл-қоқыс алаңына айналдырып жіберген.      Облысымызда Ертіс өзенінің алқабы 377 гектарды құрайды.  Дегенмен қаланың ішінде орналасқан ең керемет аймақтары  жеке адамдарға тиесілі. Өкінішке орай, бұл адамдардың басым бөлігі санитарлық және өртке қарсы нормаларды сақтамайды.     Орманшының түсірген бұл бейнесінде жағажайдың аймағы күл-қоқысқа толы екені анық көрсетілген. Бұл жерде айдақ- сайдақ көміліп кеткен отын қалдықтары мен қажетсіз мангалдар шашылып жатыр. Бізге табиғи аймақтың жаңа қожайынымен рация арқылы байланысу сәті түсті. Оның жауабы былай болды.   Тасталған қоқыстар мен отын қалдықтары өрттің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ та бұл тек жарты ғана мәселе. Ең қатаң бұзушылықтардың бірі-  ағаштардың заңсыз шауылуы.   Ағаштарды заңсыз түрде кесіп тастаған азаматтар қалай ақталса да,барлығы да  бейнеге нақ түсірілген. Тамырына дейін шауылған ағаштар қураған емес, тіпті ары кетсек бұтаққа да ұқсамайды.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша қожайын бұл аймақты  10 жылдық мерзімге  жалға алған. Алайда, табиғи аймақтың 1 айда осындай жайытқа айналса, жылдар өте келе қандай күйге тап болатынын елестету әлде қайда қорқынышты.

 
0
0
252

Осы тақырып бойынша

«Жалға алған жерін ластап...» - Yvision.kz