Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Павлодар мемлекеттік бөлімі» ММ-де көшпелі дәрістер

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Павлодар мемлекеттік бөлімі» ММ-де көшпелі дәрістер

Ересек адам барша толық жауапкершілікке ие болады. Ал кәмелетке толмағандардың жауапкершілік көлемі қаншалықты болмақ? «Балалар» жауапкершілігінің қандай түрлері бар және олар қалайша бөлінеді?

Мұндай күрделі мәселені шешуде әлеуметтік педагогика ерекше рөлді атқарады. Бірақ, әрине, оны қоғамның барша күшін жұмылдыртып, тек кешенді түрде шешуге болады. Солайша «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Павлодар мемлекеттік бөлімі» ММ-де «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілік түрлері» тақырыбына дәріс өткізілді.

Мұндай көшпелі іс-шараның мақсаты құқықтық мәдениеттің, кәмелетке толмаған балалардың заңға бағынушылығын қалыптастыру болып табылады.

Құқыққа қайшы әрекет жасаудың ескертпесі.

Дәріс барысында мынадай сұрақтар талқыланды: «Құқық деген не?»,   «Қылмыс деген не?», «Алиби деген не?».

Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығының инспектор – заңгері кейбір заңнамалық актідлерді, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің түрлерін айтып шықты, сонымен қатар, Жастарға Қызмет Көрсету Орталығының қызметі, бөлімдері мен сервистері жайында сөз қозғалды. Ал инспектор – психолог бейне ролик қатысымен кейін әңгімеге салынған жақсылық тренингін өткізді.

Орталық қызметкерлерінен басқа Павлодар облысының әйелдердің құқық қорғау тобының аға – инспекторы, полиция капитаны Сарсембенова Айгүл «Әйелдер зорлық-зомбылық профилактикасы» тақырыбымен дәріс өткізді.

Мұндай көшпелі дәрістер кейде қаты мұқтаж болып отырған халыққа психологиялық және заңнамалық мәселелрді шешуде үлкен көмек көрсетеді.

 
0
0
331

Осы тақырып бойынша

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Павлодар мемлекеттік бөлімі» ММ-де көшпелі дәрістер - Yvision.kz