Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген

Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған Успенка ауданы Галицкое ауылының тұрғыны үйдің сапасыз салынғанын айтып шағымдануда. Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген.

Ал жергілікті атқамінерлер тұрғынның жұмыс істеп жүрген серіктестікке 200 мың теңгеден астам қарызы барын айтуда. Сол себепті негізсіз ші шығарып отырғанын алға тартады. Мәселенің мән-жайымен танысқан тілшіміз Салтанат Нысанбекова толықтырады.       Галицкое ауылындағы көз тартар бұл үйлер осыдан төрт жыл бұрын бой көтерді. Екі пәтерлі алты үй жағдайы нашар 12 отбасыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша берілген болатын. Екі қолға бір күрек тауып, баспаналы болғандардың бірі – Татьяна Роот. Алайда ол  үйдің сапасыз екенін айтып шағымдануда. Сол үшін небәрі үш мың теңгені құрайтын  пәтерақысын да төлемей қойыпты.   Тыңдап отырсақ, Татьянаның реніші көп. Бірақ жергілікті әкімдік өкілдері аяқасты дау шығарып отырған азаматшаның қылығын түсінбей дал. Биыл сәуір айында үйге кірместен бұрын, Татьяна Рооттың жұбайы пәтерде ешбір кінәрат жоқ деп, келісімге қолын қойған екен.   Әкімдіктегілер Татьяна Роттың  «сыныққа сылтау» іздеп отырғанын айтады. Анықталғандай азаматша өзі жұмыс істеп жүрген «Ток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 262 қаз бен сегіз торай алыпты. Алайда қарызын қайтаруға асықпаған. Серіктестік алған малдың ақысын сұраған кезде шу шығарып отырған қылығы бұл.    Екі жүз мың теңгеден астам қарызын Татьяна үйіндегі кемшіліктер жойылғаннан кейін қайтаратынын желеу етеді. Ол үшін жаңа терезе, қақпа салып, бүкіл жөндеу жұмыстарын жасағанды талап етуде. Ал дәл осы үйдің екінші пәтерінде тұратын Ефремовтар отбасы баспананың жайлы әрі жылы екенін айтады. Екі жыл бұрын қоныстанған жанұя ешбір кемшіліктер болмағанын алға тартады. Керісінше оң бағасын беруде. Тұрмыс-тіршілігімізді өзіміз реттеп, мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көрудеміз дейді Александр Ефремов.

Осылайша бір үйдің екі пәтеріндегі жағдай екі түрлі болуы мүмкін бе? Әлде жағдайды жасаған сайын даңдайсығандар көбейгені ме? Қайткенмен де арна тілшілері осы мәселені назарға алмақ. Галицкое ауылындағы дау-дамайдың жай-жапсары алдағы эфирлерде көрсетілетін болады.

 
0
0
295

Осы тақырып бойынша

Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген - Yvision.kz