Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалы маңындағы гүлзарды абаттандыру аяқталды

Жұмыстар жоспарға сай жүргізілген. Енді бұл жерде балалар ойын кешені, футбол алаңы мен орындақтар пайда болды.

Бұл күні мәңгілік алау маңында серуендеп жүрген жұртшылықтың қарасы ерекше қалың болды. Көкте әсем ән қалықтап, балалар шахмат, футбол ойнап мәре-сәре. Гүлзардың құрылысы маусым айында басталып, белгіленген уақытында аяқталды. Балаларға арналған спорттық ойындар алаңы салыныпты. Қарағандының көрікті жерлерінің біріне айналатын кішігірім саябақты қайта жөндеу үшін 92 млн.теңге қаржы жұмсалыпты. Еуразия ERG тобы демеушілік танытқан, оның ішінде «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамының үлесі зор. Айта кету керек, бұл демеушілер тарапынан жүзеге асырылған жалғыз жоба. Енді бұл аумақта да замануи әмбебап спорт алаңы бар. Жасанды көгалда балалар емін-еркін ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізетін болады. «Шахтер» клубының футболшылары шеберлік сыныптарын өткізіп, жеткіншектерді спортқа баулыды. Соңында футбол жұлдыздары қолтаңбалары қойылған доптарды тарту етті.  

 
1
0
278

Осы тақырып бойынша

Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалы маңындағы гүлзарды абаттандыру аяқталды - Yvision.kz