Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қарағандыда аулалары ең көрікті де сәулетті балабақшалар мен мектептер арасында іріктеу өтіп жатыр

Байқауда үздік атану үшін тәрбиешілер және ұстаздар барын салып аумақтарға гүл отырғызып, көгалдандыруға тырысуда Қарағандыда іші мен сырты  келіскен білім ошақтарын анықтайтын  сайыс дәстүрлі түрде  ұйымдастырып келеді. Мәселен Сұрыптау кентіндегі  №46 мектеп ұжымы бәсекелі байқауда  үш рет қатарынан озық шығып, жеңісті жолдан жаңылмағандардың бірі.

Жыл сайын оқушылар мен мұғалімдер  мектептің маңайына көптеген әсем гүлдер мен тал  отырғызып, ерекше үлгіде безендіруден алдына жан салмайды. Айта кетерлігі, ата-аналар керекті заттар үшін мемлекеттен сұрап, ешкімге қолын жайып жүрген жоқ. Темір қоршалаулар, ұсақ тастармен  түрлі-түсті  бояуларды  өз қалталарындағы қаржысына сатып алады екен.  Ал «Жаз 2015» пен «Экологиялық патруль» бағдарламасына сәйкес балалар гүлзарларды суарып,  тазалық шараларын  үнемі  жүргізеді. «Алпамыс» балабақшасының аумағы да көздің жауын алады.  Жайқалған өсімдіктер мен сұлу аңдардың бейнелері де тура бір ертегі әлеміне кіргізіп жібергендей күй кештіреді. Бөбекжайда спорт алаңдары да бар. Яғни  бүлдіршіндердің салауатты өмір салтын ұстанып, денесін шынықтыруға барлық жағдай жасалған.  Бұл біз көрсеткен білім мекемелерінің бір парасы ғана. Жалпы конкурста   78 мектеппен 40 балабақша бағын сынамақ ниетте.

Сайыстың қорытындысы жаңа оқу жылының басында белгілі болады. Шахарды шырайландыратын шарада серпін танытқан азаматтар  мақтау қағаздарымен мадақталады.

 
0
0
1226

Осы тақырып бойынша

Қарағандыда аулалары ең көрікті де сәулетті балабақшалар мен мектептер арасында іріктеу өтіп жатыр - Yvision.kz