Жаңа телемаусымда көрермендер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Мұрат Әбеновтың «Серпіліс» ток-шоуын тамашалайтын болды
«Серпіліс» атты жаңа бағдарлама 11 қыркүйекте эфирге шығады.

11 қыркүйектен бастап, Ұлттық арна эфиріне «Серпіліс» атты қоғамдық-саяси ток-шоу шығады. Мұнда мемлекет және қоғам қайраткерлері аптаның маңызды оқиғаларын, өзекті мәселелерін, қызықты тақырыптарын талқыға салады. Хабарды қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жүргізеді.
